Тоқсаныншы жылдары танымал болған Жан-Клод ван Дамм араға біраз жыл салып қайтадан киноға түсуге шешім қабылдаған екен. Бұған дейін "Кунг-фу панда" мультфиліміндегі крокодилдің дауысын дыбыстаған актер енді таңдай қақтырарлық "Кикбоксер" филімінің жалғасында басты рөлді сомдаған екен. Бұл жолы ван Дамм рингке шығып қарсыласымен жұдырықтаспай, керісінше шәкірт тәрбиелеп шығарады. Актердің шәкірті ретінде Аллен Мусси басты рөлге алынған. "Стражей Галактики" киносындағы Дэйв Батиста мен Жан-Клод ван Дамның шәкіртінің арасындағы жекпе-жекте кімнің асығының алшысынан түсетіні белгілі. Жас кезінде бабы мен бағы қатар шапқан ұстазының әрбір сабағын жетік меңгерген жігіт соңында өзінің қарсыласын сұлатып тастайды.
Шытырман оқиғалар мен тамаша төбелесті біріктірген кино Америка жұртшылығына 19 тамыздан бастап көрсетіле бастайды. Ал, біздің көрермендерге қашан жол тартаныны әзірге белгісіз.