Үшеуге үміт сыйлаған оригами

Үшеуге үміт сыйлаған оригами
Фото: brod.kz

Кристофер Кауфманның бұл фильмі 2015 жылы түсірілген және бірқатар халықаралық байқауда жүлделі орындардан көрінді. Қысқаметражды туындыда тек үш кейіпкер бар. Оның бірі – жалғыз қалғанда оригами жасауды ұнататын өте ұяң тоқаш сатушысы. Екіншісі – кеңседе қызмет ететін келіншек. Үшіншісі – келіншектің әріптесі. Үш кейіпкер де жалғызбасты. Үшеуі де жұптарын кездестіруді армандайды.

Бір күні тоқаш сатушысы дүкенге кірген келіншекті ұнатып, ұзақ ойланғаннан кейін оның пакетіне тоқашпен бірге өзі жасаған қағаз гүлді қосып салып жібереді. Қызықтың бәрі келіншек кеңсесіне келгенде басталады. Тоқашты ол өзіне емес, әріптесіне алған екен. Оқиға соңы қалай аяқталғанын видеодан көре аласыздар.


Y. Almabek