- Негізгі бет
- Кино
- Үнемі көзге түсетін...
Үнемі көзге түсетін A 113 ненің белгісі?
Әрбір бөлшекті мұқият қарап, ештеңені жіберіп алмайтын көрермен үшін, мына A 113 құпия белгісі бәлкім таныс болар. Әсіресе анимациялық фильмдерді көп көретін жандар осы белгіге тап болғаны анық. Сонымен бұл ненің белгісі? Аниматор мен мультипликаторлар неліктен тек осы сандық белгіні қолданады? Анықтап көрелік.
Әңгіменің басы Калифорниядағы Өнер Институтына келіп тіреледі екен. Қазіргі әлемге белгілі анимациялық студиялардың аниматорлары осы аталған ЖОО-нда білім алған. Нақты санға тоқталсақ, әрбір бірінші курс студенті өзінің алғашқы мультипликациялық дәрісін A 113 нөмірлі дәрісханада алатын болған (тіпті қазірдің өзінде). Студенттер білікті маман болып жетілгеннен кейін, ең бірінші базалық білімін алған сол дәрісхананың құрметіне дерлік барлық анимациялық өнімнің бір жерінде болсын ескерілуіне мән береді. Бұл дәстүрге айналған. Әсіресе, Pixar киностудиясының әрбір анимациясынан табуға болады. Ендеше, сөзіміздің дәлелі болатын суреттерге назар аударайық.
"Ойыншықтар оқиғасы"
"Ойыншықтар оқиғасы"
"Адамстар жанұясы"
"Рататуй"
"Көліктер"
"Құбыжықтар университеті"
"Рататуй"
"Лило мен Стич"
"Жоғары"
"Америкалық әке"
"Адамстар жанұясы"
"Көліктер"
Калифорния Өнер Институтындағы әйгілі дәрісхана
Ал сіз осындай құрмет көрсетесіз бе?
Тағы да оқи отырыңыз:
"Ақсақ құлан" - әйгілі мультфильм
Футбол жұлдыздары мультфильм кейіпкерлеріне айналды
Әлемдегі ең алғашқы мультфильм
Мультфильм кейіпкерлері туралы қызық фактілер
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.listal.com
Ж. Өрісбай