Экшн жанрындағы "Кун-До" қазақстандық кәсіби актерлерінің командасына үнді режисері бірігіп жұмыс жасау жөнінде ұсыныс айтқан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Кун-До" командасы маусым айының басында Мумбайға аттанбақ. Онда қазақстандықтар "Сарасвати" (Saraswati) атты үнді атыс-шабыс фильміндегі экшн-қойылымдарды қояды. Бұл фильм Аржун Варма Алуридың (Arjun Varma Alluri) кезекті жұмысы.
«Бұл фильм «Ворошилов атқышының» ("Ворошиловский стрелок") үнді нұсқасы іспеттес. Немересін үш жігіт зорлап кеткен қарттың аты Сарасвати. Орыс фильмімен салыстырғанда фильм жаңаланған нұсқа, ішінде экшн элементтері бар» дейді "Кун-До" актері Каир Акира.
Үнді режисері Тимур Бекмамбетов түсірген "Президент Линкольн: қанішерлер аңшысы" ("Президент Линкольн: Охотник на вампиров") фильмінде экшн қойылымдарын қойған болатын. Онда да "Кун-До" командасы бұл режисермен бірігіп жұмыс жасаған болатын. Ең қызығы, үнді режисері қазақстандық "Кун-До" туралы Facebook әлеуметтік желісі арқылы көріп, бірігіп жұмыс жасау туралы ұсыныс айтқан екен.
Айта кетейік, "Кун-До" командасы Тимур Бекмамбетовпен бірге бес жылдан астап уақын жұмыс жасап келеді. Олар режисердің бірқатар (“Дневной дозор”, “Выкрутасы”, “Особо опасен”) фильмдеріндегі төбелес қойылымдарын жасапты. Соңғы фильм «Сәттілік джентльмендері» фильмі болыпты ("Джентльмены удачи").
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz