- Негізгі бет
- Кино
- Уилл Смит 10...
Уилл Смит 10 жыл "Оскар" марапаттау кешіне қатыспайды
АҚШ киноакадемиясы Уилл Смитке өзінің іс-шараларына, соның ішінде "Оскар" марапаттау кешіне қатысуға 10 жылға тыйым салды. Бұл туралы кәсіби бірлестіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бүгін киноакадемия басқармасы 10 жылға шешім қабылдады, 2022 жылдың 8 сәуірінен бастап Смит мырзаға киноакадемияның барлық іс-шарасы мен бағдарламаларына өзі және виртуалды форматта да баруға тыйым салу туралы шешім шығарды. Бұл "Оскарға" және басқаларына қатысты", - делінген хабарламада.
Хабарламада 94-ші Оскар сыйлығында 2021 жылы керемет жұмыс жасаған көптеген адамға құрмет көрсетілуі керек делінген. "Алайда бұл сәттер Смит мырзаның сахнада көрсеткен орынсыз мінез-құлқына байланысты бүлінді", - деді АҚШ Кинематографиялық өнер және ғылымдар академиясының президенті және бас атқарушы директоры Дэвид Рубин мен Дон Хадсон.
© Reuters
Америкалық актер бұл шешімге жауап берді. Бұған дейін Смит өз қалауымен киноакадемиктердің қатарынан кеткен болатын.
"Мен академияның шешімін қабылдаймын және құрметтеймін", - деді ол.
Еске салайық, оқиға "Оскар" жеңімпаздарын марапаттау кешінде болды. Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін, Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрып жіберді. Актер орнына оралғаннан кейін Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айқайлап ескерткен-ді.
Айта кетейік, бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол марапаттау кешіне шашын тақырлап алып тастап келген еді.
Н. Үсенова