«Уақыт ілмегі» фильмінің премьерасы

«Уақыт ілмегі» фильмінің премьерасы

Таяудағы болашақ. Әрине, ондағы қоғамда да криминал бар. Криминал дегенде де, бір ерекшелігі онда адам өлтіру атымен жоқ. Неге дейсіз бе? Ондағы «жағымсыз» адамды полиэтиленге орайды екен де... өткен заманға жібереді. Келімсекке 9 грамм қорғасын егеді, содан кейін жерге көмеді.

Бәрі осы сюжетпен жалғаса берер ме еді, қайтер еді, егер сол целофанға оратылған келімсек біздің баяғы танысымыз, егде тартқан Джо (Брюс Уиллис) болмаса. Өз жұмысын жасауға, яғни басты кейіпкеріміздің көзін жою үшін тағы да бір Джо есімді жігіт сайланады. Яғни, бас кейіпкеріміздің өзі екен де, бірақ жас кезі.

Міне, осындай қиын жағдай. Әрине, жасамыс Джо «қарсыласынан» ақылдырақ боп шығады. Тірі қалуы былай тұрсын, өз қарсыластарының тізімін ақырын ғана жасай бастайды.

Брюс 57 жасқа келіп, шау тартса да әлі тың екенін бізге бір рет қана мойындатқан жоқ. Соңғы кезде деңгейі төмендеу фильмдерге түсіп жүргенімен, көзайымымызға айналған әртісті әлі де талғамнан тысқары шығарар емеспіз.

Ал Гордон-Левитт ше? Жастардың ішінде сенімді ақтайды дейтіндердің бірі әрі бірегейі. Есіңізде болса, Джозеф соңғы Бэтменде атақты әрі дәстүрлі образдың жалғастырушысы ретінде жарғанаттың рөлін сомдаған еді. Ғаламтордағы пікіршілердің басым бөлігі оны әйгілі Леонардо Ди Каприомен салыстыруға шебер. Аталмыш картинадағы кейіпкері талай қыздың жүрек соғысын жиілетіп жіберген де шығар, кім білсін...

 «Ілмек»

Фильм идеясы Райан Джонсонға 2005 жылы «Кірпіш» фильмінен соң бірден келгенге ұқсайды. Гордон-Левиттке деген сенімі «Уақыт ілмегі» фильмінде басты рөлдердің бірін беріп қана қоймай, образды да өзінің Джозеф есімді ныспысын қысқартып беріп отыр. Райанның сөзіне сенсек, тіпті бұл рөлдің өзін арнайы Джоға жазыпты.

Ал Уиллистің жас кезін сомдайтындай етіп ұқсау үшін жас Джоға опа-далаптың түр-түрін қолдануға тура келген екен. Визажист қызметін әйгілі Казухиро Цудзи («Қара киімділер» фильмінде жұмыс жасаған) өз мойнына алыпты.

Ақиқат

Шынтуайтына келгенде, бұл фильм 2007 жылы испандықтардың тарапынан түсіріліп қойған ("Los cronocrímenes"-«уақыт ілмегі»). Голливуд аз бюджетке түсірілген фильмді қайта түсіруге рұқсат алып, міне, 5 жыл уақыт өткен соң үйреншікті қызылды-жасылды бояу мен эффект қосып тәуелдеп алды.

http://www.imdb.com/video/imdb/vi2807103513/ «Уақыт ілмегі» фильмінің Испанияда түсірілген 2007 жылғы нұсқасы

Дайындаған Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет:rel.org.ua

Л. Лига