Сіздің назарыңызға жаңа шыққан фильмдерге талдау, жәй ғана талдау емес, сонымен бірге салыстыра отырып талдау. Бұл арқылы сізге қай фильмнің десі басым екенін, қайсысына баруыңызға болатынын кеңес ретінде жазып отырмақпыз. Ендеше бірінші кезекте "Түс торушылары" ("Хранители снов") анимациялық фильмі мен "Бригада 2: Мұрагер" ("Бригада2: Наследник") туындысын салыстырамыз.
Сіз «Бригада 2: Мұрагердің» атақты аттас бірінші хикаясын көрген боларсыз. 90-жылдардың елесіндей болып қарпып өткен фильм 2002 жылы шыққан. Теледидары бар көрермен 15 серия бойына мейлінше өсе түскендігі себепті, фильм режисері Алексей Сидоровқа үлкен қошемет болатын. Ресей тарихында ең қымбат телехикаяға айналған фильмнің жалғасы түсіріледі дегенде елдің бәрі, ел деймін-ау, басты рөлді ойнаған Сергей Безруковтың өзі безіп кетті. Ел әйгілі төрт жігіт туралы фильмнің жалғасын тек ақша табу үшін түсірілген жоба деп айтып салды.
Ал енді, негативтен позитвке өтейікші. «Түс торушылары» анимациялық фильмі ең атақты делінген «Мадагаскар», «Шрек» мультфильмдерінің жасаушысы – Питер Рэмсидің жаңа шедеврі. Сюжет Уильям Джойстың осы аттас кітабынан алынған. Фильм өшпес тақырып – жақсылық пен жамандық турасында. Дубляж орыс тілінде болғанымен көңіліңізден шығатынына сенім бар. Өте сапалы мультипликацияның төрт қаһарманы бар: Санта Клаус (Аяз атаға ұқсайтын Сантаны бірінші рет көруім), қоян, тіс феясы және құм адамы. Ал негізгі тартыс Мұзды Джек пен Кромешник арасында болмақ. Балалардың кімге сенім-нанымдары мықты болса, онда сол тірі қалмақ. Түн қараңғысын пайдаланған жаман ниетті кромешник әлемдегі балақайларды қорқытып, үркітумен болады. Ал Мұзды Джек түс торуылшысы болғалы бері өзінің бұрынғы өмірі туралы біліп, ерекше қуатты бола түседі. Қақтығыс қызықтары мен әзілдей берілген тұстары ерекше қуантады. Кішкене баладан бастап, ересек адамға дейін көре алатын туындының соңы «хаппиенд». Сондықтан да, жақсы көңіл күй алғыңыз келсе біз сізге кеңес бердік.
Екі бірдей емес дүниені салыстыру қаншалықты дұрыс екенін білмедік, бюджет айырмашылығына қатысты осы ойды кері бұруға да болады.
P.S. Орыстың бір жақсы сөзі бар, «Жақсы дүние аз болсын» («Хорошее по маленьку») деген. Ендеше осы сөзбен-ақ керемет фильмге шақырамыз. Кинотеатрда кездескенше!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: kino-teatr.ru, markonmedia.com