Атақты "Түрмеден қашу" ("Prison Break") сериалы араға алты жыл салып Fox телеарнасына қайтып оралады. Телешоудың жұлдыздары Вентворт Миллер мен Доминик Пёрселл өз рөлдерін қайтадан сомдайды, - - деп хабарлайды Kinostan..
Телеарна басшылығының хабарлауынша, бұл жобаны сиквел (жалғасы) деп қарастырған жөн. Оқиғалар алғашқы сериалдан кейін бірнеше жыл өткен соң жалғасады. Ағайындылар мен басқа да кейіпкерлер қайтып оралады. Түпнұсқада басты кейіпкер Майкл Скофилд (Вентворт Миллер) қайтыс болғанына қарамастан, жобаның басындағылар бұны да болашақ сериалда түсіндіріп береміз деп отыр.
Мини-сериал форматында болатын тележоба 10 бөлімнен тұрады деген болжам бар.
"Түрмеден қашу" сериалы 4 маусымға созылып, 2005-2009 жылдар аралығында көрсетілді. Бұл теледрама Fox арнасының ең рейтингі жоғары шоуларының біріне айналды.