2014 жылы шыққан "Малефисента" фильмінің жалғасы көрермендерге жол тартты. Жаңа туынды "Малефисента – түнек әміршісі" деп аталады. "Болашақ" қоры қазақшаға аударып дыбыстаған нұсқасы да жарыққа шықты.
Мемлекеттік тілде прокатқа шыққан фильмдер қоры тағы бір туындымен толықты. Дубляж "Өзіңнен баста" жоба аясында "Болашақ" корпоративтік қоры және "Меломан" компаниясының бастамасымен "Нұр Отан" партиясының қолдауымен жүзеге асырылған.
Екінші фильм жаңа кейіпкерлермен толыққан. Соның бірі – Ингрид патшайым. Бұл рөлді америкалық актриса Мишель Пфайффер сомдап шыққан. Ал басты кейіпкер Малефисента рөлінде – Анджелина Джоли. Аврора рөлінде Эль Фаннинг ойнаған. Фильмде Малефисента Аврораның дуасын қайтарғаннан соң бес жылдан кейінгі оқиға баяндалады. Алты жастан асқан көрермендерге арналған.
Фильм 17 қазаннан бастап прокатқа шықты.