Өнер саласында аса беделді Канн кинофестивалінің директоры Пьер Лескюр мен креативті директоры Тьерри Фремо 2018 жылдың конкурстық бағдарламасымен таныстырды. Бақ сынайтын картиналар қатарында ресейлікрежиссер Кирилл Серебренниковтің Виктор Цойға арнаған Жаз(Лето)атты туындысы да бар. Бірақ авторға қатысты сот ісі басталғандықтан, қазіргі уақытта ол үй қамауында. Оған бәсекелес Үш бет (Three Faces) аталатын картинаның режиссері де дәл осындай жағдайға ұшырап отыр. Ирандық Джафар Панахиге ел билігі 20 жыл кино түсіруге тыйым салған. Дегенмен әзірге соңғы фильмінің көрсетілімі Канн фестивалінде өтеді. Сондай-ақ, Алтын пальма бұтағын иеленуге Маттео Гарроненің Ит адамы (Dogman), Жан-Люк Годардың Суретті кітабы(Le livre d'image),Кристоф Оноренің Жылау, күлу және қашу (Plaire, aimer et courir vite)атты картинасы,Цзя Чжанкенің Күл ең таза ақ түс (Ash Is Purest White),Ли Чан Донның Өртенген (Burning), Спайк Лидің Қара Клэнсмэн (BlacKKKlansman), Павел Павликовскидің Қырғи қабақ соғыс (Cold War), Аличе Рорвакердің Бақытты Лазарь,Дэвид Роберт Митчеллдің Силвер-Лейк астында (Under Silver Lake) сынды туындылары таласады. Естеріңізге сала кетейік, 71-ші Канн кинофестивалін Иран режиссері Асгар Фархадидің Бәрі біледі аталатын психологиялық триллері ашады.