«Троя» фильмі жайлы қызықты фактілер

«Троя» фильмі жайлы қызықты фактілер
Фото: kino.mail.ru

«Троя» фильмі үлкен экранға 2004 жылы шықты. Басты рөлдерді Брэд Питт, Эрик Бана, Орландо Блум, Брайан Кокс, Дайан Крюгер, Брендан Глисон, Шон Бин, Джули Кристи, Питер О’Тул және Роуз Бирн сомдады. Фильм жайлы сіз естімеген қызықты фактілерді ұсынамыз.

1. Режиссер ретінде бастапқыда Крситофер Нолан қарастырылды. Бірақ ол фильмге өз өзгерістерін енгізуді талап ете бастағанда оның кандидатурасынан бас тартты.

2. Одан кейін режиссерлік орынды Терри Гиллиамға ұсынды. Бірақ ол сценарийдің төрттен бір бөлігін ғана оқып, оны жалықтырғыш санап, бас тартады.

3. Ал Вольфганг Петерсен режиссер қызметіне келісім берді. Ол «Гладиатордан» бас тартып, сол үшін өкінген болатын. Бұл жолы мүмкіндікті жіберіп алғысы келмеді.

4. Вольфганг Петерсен жұмысқа кріскен соң фильмдегі грек құдайларын артық деп санап, сценарийден алып тастады.

5. Бастапқыда фильм бюджеті 100 миллион долларды құрайды деп жоспрланды. Мұндай бюджетпен «Гладиатор» да түсірілген болатын және бұл сома жеткілікті болды. Түсірілім тобына Вольфганг Петерсен мен Бред Питт қосылған кезде бюджетті арттыру керек болды. Олардың гонорарлары бюджетті 24 миллион долларға дейін көбейтті.

6. Түсірілім Мексикада болды. Түсірілім тобы екі рет дауыл астында қалды. Түсірілім тобы мұндай дауылдан соң декорацияны қалпына келтіруге мәжбүр болды.

7. Түсірілім алаңына жақын жерде Бред Питтке арналып салынған үй тұрды. Дауылдың бірі оның бір бөлігін бұзып жіберді. Бір қызығы, ол күні актердің шаршағаны соншалық ұйқысын жалғастыра берген.


7days.ru

8. Эрик Банаға түсірілім кезінде оңай болмаған. Барлық актерлер денесіндегі шаштарынан арылу керек болған. Ал Эриктің үстінде шаш көп болды және ол тез өсіп кететін. Сондықтан актер аптасына екі рет оны балауызбен алдыртуға мәжбүр болды.

9. Фильм үшін сырт келбетін өзгретуге Дайан Крюгер де келісті. Актриса Елена рөлі үшін 8 килограмм салмақ қосқан.

10. «Троя» фильміне музыканы Габриэль Яред жазады деп жоспарланды. Ол оған бір жылдай уақытын кетіріп, музыка жазды. Бірақ студия соңғы нұсқасын көрген кезде олардың көңілінен шықпады. Басшылыққа музыка ескі көрінді. Содан соң фильмнің шығуына бірнеше ай қалғанда саундтректі Джеймс Хорнер қайта жазып шықты.

11. Фильм АҚШ-та ақшаны орташа түсірді. Маркетингке кеткен қаражатты қоспағанда 124 миллион бюджет кеткен фильм тек 133 миллион ғана жинады.

А. Жапатова