Кәріс дорамаларына деген сұраныс артпаса, азайған емес. Ешқашан дорама көрмедім дейтін адамның өзі не "Ва-Банкті" не "Жігіттің сабаздары, F4" жайында біледі. Бүгін жылдың алғашқы жарты жылдығында жарыққа шыққан, дорамалар жайында ақпарат береміз:
"Қызуқанды дін қызметкері" / "Вспыльчивый священник"
Атыс–шабыс пен комедия жанрының тоғысуын жаны сүйетіндер үшін бұл дорама — үлкен сый. Өте тартымды дін қызметкері, екінші жағынан қарақшылар, оған қоса кәріс дорамаларына тән әзілге толы сценаларды көруге болады.
Үздік үштік: дін қызметкері, полицей және прокурор бойжеткен қарт дін қызметкерінің жұмбақ өлімінің сырын ашуға тырысады. Тек әркімнің өз тәсілі бар.
"Романтикалық қосымша" / "Романтическое приложение"
Басты кейіпкер тұрмысқа шыққан соң 7 жыл жұмыссыз үйде отырады. Алайда, айырылысқаннан кейін, өмірін қайта ретке келтіруге тырысқанымен, оны жұмысқа ешкім ала қоймайды. Кейін ол бір басылымға жұмысқа тұрады. Бас редакторларының бірі — оның балалық шақтағы досы. Олардың арасындағы достық сезімі махаббатқа ұласады.
"Сенің жүрегіңнен орын тапсам" / "Коснуться твоего сердца"
"Гоблин" дорамасындағы Ли Дон Ук пен Ю Ин Наның ең әдемі жұбының жанкүйерлері үшін бұл жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Өйткені, бұл актерлер басты рөлді сомдайтын романтикалық дорама жарыққа шыққан болатын.
Сюжеті бойынша атақты айтса да, даудың астында қалған актриса тәжірибе жинау үшін (әрі фильм продюсерінің талабы бойынша) қорғаушылар кеңсесіне жұмысқа тұрады. Ал, ол жерде қызды жас әрі сымбатты қорғаушы, қызықты істер, зерттеу жұмыстары мен "үлкен махаббат" күтіп алады.
"Оның жеке өмірі" /"Ее личная жизнь"
Дораманың басты кейіпкері — Сон Док Ми. Ол екі жақты өмір сүреді: бірі оны Ши Ан атты жұлдыздың нағыз жанкүйері ретінде таныса, енді бірі оны сурет галереясының кураторы ретінде жақсы біледі. Ол бәріне үлгереді. Дегенмен, махаббатта оның жолы мүлдем болмайды. Өйткені, оның “сүйіктілері” үшін фанат болу ақымақтық әрі тек жасөспірімдерге тән. Сондықтан, өзінің жанкүйер екендігін әркез құпия ұстайды. Бір қызығы, оның жаңа бастығы Райан Голд оның бұл өмірінен хабардар.
"Көзін жой" / "Убей"
Ким Ши Хун — барлық артықшылықтарын "қаруға" айналдырып үйренген жас жігіт. Оқиғадан жылдам жол таба білетін, жоспар құра отырып, дөптеген жеріне жетіп, "мақсатының" көзін жойғаннан соң, дым болмағандай жоғалып кететін киллердің басты арманы — өткен өмірі жайында ақпарат алу. Өзінің әрекетімен ол бүкіл қылмыстық топты әшкерелейді.