Массагеттер патшайымы туралы Томирис ауқымды тарихи фильміне арнайы Қазақфильм киностудиясының территориясында соғылған Вавилон декорациясында соңғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің бас продюсер Әлия Назарбаева (Анаға апарар жол). Қоюшы режиссері Ақан Сатаев (Ликвидатор, Рэкетир, Адасқандар, Жаужүрек Мың Бала, Анаға апарар жол). Естеріңізге сала кетейік, былтыр сәуір айында Қазақфильм киностудиясы Сатайфильм кинокомпаниясымен бірлесе ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Томирис фильмін өндіріске жіберген болатын. Фильм біздің заманымызға дейінгі VI ғасыр массагеттер патшайымының бастауымен байтақ даланы басып алуды көздеген парсы патшасы ІІ Кирге ойсырап төтеп бергені туралы баяндайды. Фильмнің сценарий авторлары Әлия назарбаева мен Тимур Жақсылықов. Фильмнің түсірілімдері былтыр қазан айында басталған болатын. Түсірілімдерге еліміздің және шетелдің кәсіби мамандары тартылған. Шетелден скрипт-доктор мен компьютерлік графика саласының мамандары шақырылған. Жалпыреспубликалық кастингтің нәтижесі бойынша басты рөлге 15000 үміткер анықталып, актриса-дебютант Альмира Тұрсын таңдалып алынған. Сонымен қатар, фильмде танымал отандық актерлер: Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды және басқалар түседі. Кирдің рөліне Царство небесное фильмі арқылы танылған ұлты араб америкалық актер Гасан Масуд шақырылған. Айта кетелйік, барлық бсты кейіпкерлер тренерлік дайындықтан өткен. Ұрыс сахналарын қоюшы Жайдарбек Кунгужиновтың Nomad лагерінде атқа міну, садақпен ату, суық қаруды меңгеру, ат үстінде пайдалана білу сынды басқа да әскери әрекеттерді үйренген. Фильм үшін қажетті реквизитті әзірленген киім-кешек, аяқ киімі, сол дәуірге сай әшекей бұйымдар мен қару-жарақтар. Басты кейіпкерлер мен эпизодта ойнайтын актерлерге 1000 киім комплект, ал Томириске 20 костюм тігілген. Сонымен қатар, 10 мың қару-жарақ жасалған.