Әлеуметтік желілерде белгілі режиссер Джош Транктың адамзат тарихындағы әйгілі бандиттердің бірі Аль Капоне туралы «Тыртық бет» атты фильмінің алғашқы трейлері пайда болды. Басты рөлді актер Том Харди сомдады.
Фильмде Аль Капоненің 11 жыл түрмеде отырғаннан кейінгі өмірі баяндалады. Сюжет бойынша, гангстер өзінің Флоридадағы үйінде өткенін еске алып күн кешіп жатады. Алайда, мұндай бейқам өмірге дағдыланбаған гангстер қимылсыз отыруға ниетті емес.
Фильм үлкен экрандарға шығуы керек болған. Бірақ коронавирус пандемиясына қатысты карантин салдарынан онлайн-кинотеатрларда көрсетіледі. Премьера 12 мамырға жоспарланған.
Джош Транк Твиттердегі парақшасында фильм кинотеатрға шығады деп үміттенетінін жазды, бірақ әлі нақты күні белгісіз.
Хардиден басқа фильмде Кайл Маклахлен ("Твин Пикс"), Мэтт Диллон ("Жабайы"), Ноэль Фишер ("Ұятсыздар") мен Джек Лауден ("Дюнкерк", "Қос патшайым") сынды жұлдыздар ойнайды.
Бір қызығы, Том Харди осыған дейін ойдан шығарылған қылмыскерлерді сомдап келген еді. Енді, міне, аты жер жаһанға мәшһүр нағыз гангстер Аль Капоненің рөлі бұйырды. Хардидің "Фонзо" (Фильм алғашында осылай аталған) фильмінің түсірілім алаңынан салған фотосуреті 2016 жылы пайда болған еді. Қылмыскерлер туралы фильмдерді сүйіп тамашалайтын көрермен сол кезден бері Транк туындысын асыға күтті.
Суретте Том Капоненің қалпағын ұстап отыр. Астында "Фонзоны аңду...", – деген жазу қалдырған. Фильмнің соңғы кадры болса керек.