"Титаник" фильмі туралы қызықты деректер

1997 жылы 19 желтоқсанда АҚШ-та режисер Джеймс Кэмеронның «Титаник» атты киносы прокатқа шыққан еді. Шыққан күннен бастап бар-жоғы 15 апта өткен соң  фильм америкалық кино апталығында бірінші орынға көтерілді.

Біз сіздерге фильмге байланысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз:

1. АҚШ-та «Титаниктің» кинотеатрлардағы соңғы көрсетілімі 1998 жылы 28 қыркүйекте болды. 1997 жылы 19 желтоқсанда шыққан алғашқы күннен бастап есептейтін болсақ, бұл уақыт аралығы 281 күнді құрайды екен. Кэмерон 2012 жылы алып «Титаник» кемесінің апат болғанына 100 жыл толуына орай фильмді 3D үлгісінде қайта көрсетілімге шығарды. «Титаниктің» 3D үлгісі қазақстандық көрермендерге де сол жылы жол тартқан болатын.

2. 3D үлгісіне ауысқан фильм түсірілімінен көп уақыт - 18 апта айналымда жүреді. Фильм сол уақыт аралығында 60 миллион доллар қаражат жинап үлгерген екен. 

3. 200 миллион қаржы жұмсалған кино әлемдік прокатта 2 миллиард доллар табысқа кенеледі.

4. Түсірілім барысында Титаниктің апатқа ұшырау кезінде актриса Кейт Уинслет азғантай жарақат алып қалады. Бұның себебі Кейттің қорғаныш есебіндегі гидрокостюм киюден бас тартуынан болған екен.

5. Джек Доусонның рөлінде әртүрлі актерлар ойнаған. Олар: Мэтью МакКонахи, Макалей Калкин және Кристиан Бэйл.

6. Леонардо ДиКаприо Розаның жартылай жалаңаш бейнеде суретін салатын сәтін есіңізге түсіріп көріңізші. Бұл суретті Джеймс Кэмеронның өзі салған көрінеді. Біз фильмде Джеймстің қолын көреміз. Бір қызығы Джеймс солақай екен. Сондықтан да фильмнің финалдық нұсқасында бұл кадр теріс бағытта төңкеріле көрсетілген.

7. Бассейнде түсірілген «Титаниктің» соңғы көрінісі фильмдегідей суықта болмаған. Адамдардың бет-бейнесі, шашы, бәрі де компьютердің көмегімен жасалған.

8. Роза мен Джектің бейнесі салынған сурет президент Рузвельттің бейнесі бар 10 центке бағаланады. Ол тиын ақша 1946 жылы шыққан.

9. Фильмнің сүйікті көрермендерінің есебі бойынша, Джек «Роза» есімін фильм барысында 76 мәрте қолданған, ал Роза «Джек» есімін 80 мәрте атаған екен.

10. Селин Дионның «My heart will go on» трегі фильмде кездейсоқ пайда болған. Бар мәселе Джеймс Кэмеронның «Титаник» сынды кинода кез келген ән айтылмаса деген ойында жатыр. Композитор Джеймс Хорнер сөз мәтінін Уилл Дженнингспен бірлесе отырып, Кэмеронға сездірмей Селин Дионға жаздырады. Кейін барып Джеймсқа табыс етіледі. Ол әннің Кэмеронға ұнағанын сіздер жақсы білесіздер. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/qFjyxJ21VJY#t","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: photo-day.ru