Тимур Бекмамбетовтің "Іздеу" (Поиск) фильмінің сиквелін Уилл Меррик пен Ник Джонсон есімді дебютанттар түсірмек.
ScreenLife стилінде түсірілетін фильм түпнұсқаға қатысы жоқ, жаңа оқиғаны баяндайды.
"Іздеу" фильмінің режиссерлік құрамы жайлы Deadline басылымы хабарлады. Бұл Меррик пен Джонсонның алғашқы толыққанды фильмі болмақ. Олар осы уақытқа дейін түпнұсқаның монтажын жасап, виртуалды фотографиясын басқарған.
Осы сиквелдің продюсерлерінің бірі – Тимур Бекмамбетов. Фильм сюжеті әзірге құпия. Дегенмен жаңа оқиға мен кейіпкерлер болатыны ғана белгілі.
Фильмнің жалғасында авторлар оқиға гаджет пен технология арқылы көрсетілетін screenlife-фильмінің бағытын ұстанған. 2018 жылы жарыққа шыққан фильмнің қоюшы режиссері Аниш Чаганти болса, бас кейіпкерді Джон Чо сомдаған болатын. Фильм жоғалып кеткен қызын табу үшін оның ноутбугын қолданған әке туралы болған еді. Оқиға барысында әкесі қызының түрлі сырын біледі.
Фильмнің бюджеті миллион доллар болған еді. Ал әлемдік кассадан 75 миллион доллардан астам табыс тапты.