Тимур Бекмамбетов ТМД мен Балтық елдерінің ең үздік продюсері атанды

Тимур Бекмамбетов ТМД мен Балтық елдерінің ең үздік продюсері атанды

Танымал режиссер, атақты продюсер, сценарист және "Базелевс" кинокомпаниясының жетекшісі Тимур Бекмамбетов "Киношок" фестивалінде ТМД-ның, Латвияның, Литва мен Эстонияның ең үздік продюсері болып танылды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

Кинофестивальдің жабылу салтанаты 23 қыркүйек күні Анапе қаласында өтті. Алайда, аталған шоу мен шуға толы мерекеге белгілі бір себептерге байланысты Бекмамбетов келе алмапты.

Естеріңізге сала кетсек, Тимур Бекмамбетов 1961 жылдың 25 маусымында Атырауда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкенттегі өнер институтына оқуға түседі. Өнер ортасынан сусындап шыққан талантты жігіт "Империал" банкіне жарнама жасап жүріп, танылады. Араға уақыт салып барып  "Ночной Дозор" мен "Дневной Дозор. Мел Судьбы" кинолары арқылы жұрттың сүйікті продюсеріне айналып үлгереді.

сурет:aktualno.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига