Әйгілі режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов Орталық Азияның әйгілі ұлттық қаһарманы Қожанасыр туралы анимациялық фильм түсіреді.
Бекмамбетовтың Bazelevs компаниясы Түркияның Yeni Dusler Animation компаниясымен келісімге қол қойды.
Бекмамбетов алғаш рет ағылшын тілінде анимациялық фильм түсіріп отыр. Ол 2024 жылы экранға шығады деп жоспарланған, ал мултфильм кейіпкерлеріне кім дауыс беретіні жыл соңында жарияланады.
Бұл жобамен Түркиядан бөлек Қазақстан мен Өзбекстан да айналысып жатыр. Әр қатысушы елде Бекмамбетов анимация мектебін ашып, кәсіби актерлер мен анимация дизайнерлерін дайындайды. 2020 жылы Бекмамбетов Қожанаыр туралы қуыршақ театрында қойылым дайындап, оны Мәскеуде көрсеткен.