Тарихи дорамалар

Тарихи дорамалардың да жанр ретінде өз атауы бар: оны сагык деп атайды. Корея тарихи дорамаларды түсірген кезде декорация мен костюмдерге ерекше мән береді. Оның үстіне сюжет жағынан бірнеше дәуірдің үйлесім тапқанын байқауға болады. Сценарий жазушылар кейіпкерлерді бүгіннен өткенге уақыт кеңістігі арқылы саяхатқа аттандырады, тіпті аңыз кейіпкерлеріне жан бітіреді. Бүгін назарға романтикалық комедиядан бастап қорқынышты тарихи дорамалар тізімін ұсынамыз.  

"Ай ғашықтары — алқызыл жүрек: Корё" / "Лунные влюблённые — Алые сердца: Корё"
(2016) 

Дорамадағы бас кейіпкерді Оңтүстік Кореяның поп жұлдыздарының бірі Ай Ю сомдайды. Оның кейіпкері — біздің замандасымыз. Қырсық мінезімен әрдайым басы бәлеге қалып жүреді, ойға алғаны орындалмайды. Ай тұтылған күні суға батып бара жатқан баланы құтқарам деп суға секіреді. Судан шыққан сәтінде бірнеше ғасыр кейінге оралады. Ол Корё дәуіріне келеді. Силла құлағаннан кейін құрыла бастаған елге тап болған қыз ханзадалар ортасында жанжалдың ортасында қалады. 

"Ки патшайым" / "Императрица Ки"
(2013)  

Бүгінде бұл дорама тарихи дорамалардың классикасына айналып үлгерді. Оқиға шын өмірде болған Ки Сын Нянның басынан кешкенін баяндайды. Ол Корё мемлекетінде дүниеге келеді. Корё 1259 жылдары Юань империясының қол астына кіреді. Жан сақтап қалу үшін Ки Сын Нян ер бала болып өмір сүруге мәжбүр болады. Кейін еліне бостандық сыйлау үшін ол монғол империясының соңғы патшасының жары болады. 

"Биікке самғаған алты айдаһар" / "Шесть летающих драконов"
(2015)  

Бұл дорама да бірнеше бөлімнен тұрады. Сценарий жазушылары кейіпкерді ашу үшін Корея тарихына тоқталады. Тарихи дорамада Корё дәуірінің аяқталып, Чосон династиясының басталуы көрсетіледі. Өз өмірлерін өлімге тіккен алты "ержүрек" кейіпкерлер саяси жанжалдың басы-қасында жүріп, XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген мемлекеттің негізін қалауға атсалысады.

"7 күндік патшайым" / "Королева на 7 дней"
(2017) 

Дорама жартылай шын оқиға, жартылай аңыз негізінде түсірілген.  Чосон дәуірі, XIV ғасыр. Оқиға ханзада (кейін патша) Ли Ёкпен патшайымның туысқан сіңлісі Ши Чхе Гённң махаббат хикаясы жайында. Кейіпкерлер бала кездерінде танысып, ортақ тіл табады. Алғаш кездескен кезде-ақ олардың трагедияға толы оқиғаларының алғашқы тізбегі басталады. 

"Тарихшы Гу Хэ Рён" / "Новичок историк Гу Хэ Рён"
(2019) 

Чосон, XIX ғасыр. Гу Хэ Рён — тарихшы бойжеткен. Ол тарихи жазбалар жазады, кейде сол ғасырдағы теңсіздік әсерінен бағаланбай қалады. Патша кей кітаптарға тыйым салған кезде оның өмірі одан сайын қиындай түседі.  Гу Хэ Рён  бұйрықтың шығу тегін түсінбек болады. Сол кезде ол ханзадалардың біріне ғашық болып қалады.

"Түн кезген ғалым" / "Учёный, гуляющий по ночам"
(2015)

Қансорғыштар дорамада да бар. Гви бірнеше ғасыр бойына патша отбасына қысым көрсетіп, ойындағысын жасап келеді. Оны тоқтату амалын ғалым Ким Сон Ёль біледі. Бірақ оған арнайы кітап керек. Оны қолға түсіру үшін Чо Ян Сон кітап саудагерінен көмек сұрайды. Оқиға Чосон дәуірінде болады.

"Чорин патшайым" / "Королева Чорин"
(2020)

Оқиға 1851 жылы болады. Чосон мемлекетінің ыдырап, Корея империясының құрылғалы тұрған сәт баяндалатын оқиғаның бас кейіпкері – патша Чхольчон. Ал патшайым Чорин болса, сол ғасыр үшін өзін тым біртүрлі ұстайды. Оған себеп оның жаны өзгеге тиесілі. Дорама комедия жанрында түсірілген.