Көпшілік асыға күткен «Тараз» фильмі 6 қазан күні прокатқа шығады. Бүгін режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаев «facebook» желісіндегі парақшасында фильмнің қалай түсірілгенін баяндайтын шағын бейнеролик жариялады.
Режиссердің айтуынша, бұл фильмнің түсірілімдеріне бұрынғы жобалармен салыстырғанда әлдеқайда көп уақыт кеткен.
- Картинаның бюджеті де қымбатқа түсті. Бірақ бұл соған тұрарлық болғанына сенімдімін. Үш комедиядан кейін басқа жанрдағы фильмді қатты түсіргім келді. Бұл керемет тәжірибе. Режиссер ретінде мен әлі де көп нәрсені үйрену қажет екенін, әлі де ұмтылатын нәрселердің бар екеніне көзім жетті, - дейді Нұртас Адамбаев.