Тарантино соңғы онжылдықтағы ең үздік фильмді атады
Режиссер Квентин Тарантино соңғы онжылдықтағы ең үздік фильмді атады. Ол бұл туралы The Playlist-ке берген сұхбатында айтты.
Режиссердің айтуынша, Дэвид Финчердің "Әлеуметтік желі" (The Social Network) картинасы соңғы онжылдықтағы үздік фильм. Биографиялық драма 2010 жылы жарыққа шыққан. Аталған фильмде Марк Цукербергтің facebook-ті қалай құрғаны баяндалады. Басты рөлдерді Джесси Эйзенберг, Арми Хаммер, Эндрю Гарфилд, Джастин Тимберлейк және басқалар ойнады.
"Бұл – нөмірі бірінші, өйткені ол үздік. Ол барлық бәсекелестерін артта қалдыратын фильм", - деп Тарантино өз пікірін бөлісті.
Аталған картина үш "Оскарға" ие болды. Олардың бірі – ең жақсы бейімделген сценарий үшін. Сценарий авторы - Аарон Соркин. Квентин Тарантино сценарийдің де үздік екенін тілге тиек еткен.
Т. Раушанұлы