Жақында әлеуметтік желілерде Тарантино картинасы кейіпкерлерінің алғашқы фотосуреттері мен түсірілім алаңынан бірнеше видео дерек жарияланды. Ал, бүгін картинада басты рөлді кім сомдайтыны белгілі болды. Осыған дейін америкалық БАҚ фильмде басты рөлді Хилари Дафф ойнайтынын хабарлаған. Өйткені, бірнеше ай бұрын Хилари Дафф өзінің әлеуметтік парақшасына Шерон Тейт бейнесіндегі гриммен түскен суретін жүктеді. Көпшілік оның Тарантино фильміне дайындалып жатқанын айтса, кейбіреуі өзге жобадағы образ болуы мүмкіндігін алға тартқан-ды. Бірақ, бүгін атағы шарықтап тұрған Марго Робби есімді актриса әлеуметтік желіге басты кейіпкер Шерон Тейттен айнымай тұрған суретін жүктеп, астына Тарантино фильмінің инстаграм парақшасын белгіледі. Бұл фильмді күтушілер саны аз емес. Кинодағыпостмодернизмнің көрнекті өкілдерінің бірегейі саналатын Тарантиноның көпшілік асыға күткен осы фильмінеParamount, Sony және Warner Bros сынды алпауыт киностудиялар таласқан еді. Жалпы, картина сюжеті есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған.Біз айтып отырған Мэнсон америкалық кісі өлтіруші, музыкант, Отбасы қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссерРоман Поланскидіңаяғы ауыр жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген.Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді осыдан 5 ай бұрын жазып бітірген. Түсірілімге қажет $100 миллион қаржыны жоғарыда аталған киностудияның бірі берді. Квентин Джером Тарантино америкалықкинорежиссер,сценарийші,кинооператор,актержәнекинопродюсер. Тарантино1994 жылыҚойыртпақ шығармасы фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. Канн кинофестивалініңАлтын пальма бұтағы, Оскар, Алтын глобус, BAFTAжәне тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. The Guardianжурналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды. Тарантиноның америкалық кинематографистердің алдыңғы ұрпағынан айырмашылығы, ол кино өнерін өздігінен зерттеп үйренді. Оның кинематографиялық мәнері поп-мәдениет және артхаустық киноның өзіндік қосылу әсерінен дамыды. Тарантиноның барлық фильмі өзіне ғана тән, басқа режиссерлермен шатастырмас айрықша мәнері бар. Ең алдымен, ол ретсіз құрылым: дәстүрлі баяндаудан ауытқу, зорлық-зомбылықты эстетикалық көркемдеу және ұзақ диалогтар.