Кез келген кинофильмнің концепциясы мен идеясында белгілі бір мораль, мағына немесе астарлы ой жатыр. Оның жеткізілуі де әрқалай, сондықтан бір фильмде оның түпкі ойы түсінікті, кейбірінде аңғару мүмкін емес. Назарыңызға kinostan.kz жобасы дайындаған, астарында күтпеген мағынасы бар біздің заманның бірнеше хит фильмдерін ұсынамыз.
Супермен – Мұса пайғамбар, Иса пайғамбар және ұлы тоқыраудан құтқарушы

Супермен – кейіпкер ретінде комикс беттерінде алғаш рет 1938 жылы пайда болды. Бұл АҚШ-тағы ұлы тоқырау заманына тұспа-тұс келді. Қаһарманды ойлап тапқан Джерри Сигел мен Джо Шустердің солшыл көзқарасы да оның мінезіне әсер етті. Супермен әділетсіз бизнесмендермен және саясаткерлермен күресуші тұлға ретінде сипатталды. Сигел мен Шустер – еврей-иммигранттардың балалары. Олардың басқа жақтан көшіп келушілер ретіндегі статусы да Болат адамның образына ықпал етті. Кларк Кент/Кал-Эл – өзге планетадан келген бөтен, жаңа ортаға сіңісуге, соларға сай өмір сүруге тырысады. Иммигранттардың да тағдыры солай еді – өзге елдерден көшіп келушілер Америка қоғамына бейімделуді, таза америкалық болуды көздейді.
Суперменнің авторлары еврей деп айтып кеттік. Сол себепті Мұса пайғамбардың образы да Кларк Кентті жасауға әсер етті. "Кал-Эл" деген есім мағынасы жағынан ивритше "Құдай дауысы" деген сөзге жақын, сол себепті "Құдай дауысын" Мұса пайғамбар рөліне аллюзия деп қарастыруға болады. Оның үстіне Кал-Эл мен Мұсаның сәби кезде аман қалу оқиғасы да ұқсас.
Одан бөлек Суперменнен Иса пайғамбарды да танимыз. Екеуі де адамзатты құтқарушы рөлін атқарады. Бұл аналогия, әсіресе, Зак Снайдердің "Бэтмен Суперменге қарсы" фильмінде анық байқалады: адамдар Кларк Кентке саусағын тигізуге ұмтылады, өйткені оны әулие көреді, құдайға сыйынған кейіппен екі қолын жоғары көтеріп көмек сұрайды және Супермен адамдар үшін өзін құрбан етіп, "Әділет лигасында" қайта тіріледі.
"Бөтен" трилогиясы – СПИД дерті туралы және Вьетнам соғысының аллегориясы

Сонымен қатар аталған фантастикалық франшизаны Вьетнам соғысына ұқсатуға болады. Әсіресе үшінші бөлімі Вьетнамға аттанған америкалық сарбаздардың оқиғасын қайталайды. Яғни үкімет жауынгерлерді алысқа, өлімге душар қылатын тапсырмамен жөнелтеді. Бұл ұқсастық жасақтың қару-жарағымен, киім-кешегі арқылы да расталғандай. Фильмдегі сарбаздардың киімі мен қаруы Вьетнам соғысына қатысқан әскердікін еске түсіреді.
"Икс адамдар" - қара нәсілділердің құқығы

Комиксте де, солар бойынша жасалған фильмдер сериясында да мутанттардың басты жауы – адамдар. Мутанттардың қабілеттері адамдарды шошытады, өздеріне ұқсамағаны үшін адамдар олардан арылғысы келеді, адамдар мен мутанттардың бір қоғамда өмір сүргенін қаламайды. Бұның бәрі қазіргі мұсылмандар мен мұсылман еместердің, ақ нәсіл мен қара нәсілдің, гетеросексуалдар мен ЛГБТ өкілдерінің арасындағы текетіресті еске түсіреді.
"Жұлдызды соғыстар" - діни сенім

Соның нәтижесінде Інжілге аллюзия жасалған, "Дао-Дэ цзин" даос трактатына сүйенген, самурайлардың "Бусидо" кодексіне еліктеген "Жұлдызды соғыстар" пайда болды. Тіпті киносериалдағы "Күш қолдасын" деген қанатты сөз де Йоанның Еванглиесінен (14:16-17) алынған.
Осы кинодастанда жиі айтылатын Күштің қараңғы және жарық тараптары – кез келген діннің негізінде жатқан Жақсылық пен Жамандықтың белгісі.
Оның үстіне "Жұлдызды соғыстар" танымал болғаннан кейін, фанаттар ойлап тапқан "джедаизм" деген жаңа дін пайда болды.
Годзилла – Хиросимадағы және Нагасакидегі ядролық жарылыс

Талай ғасыр бойы ұйқыда жатқан алып кесіртке сутек бомбасының жарылысынан кейін оянып, жер бетіне көтеріледі. Қаһарлы тіршілік иесі айналасындағының бәрін қирата бастайды.
Ежелгі динозаврдың оянуын – адамзаттың озбыр әрекеттеріне табиғаттың реакциясы деп қарастыруға болады. Годзилла ашуланғанда ауызымен атом сәулесін атқылайды. Бұны атом өнеркәсібінің зардаптарына теңеу дейді.