- Негізгі бет
- Кино
- Талайды таңдай қақтырған...
Талайды таңдай қақтырған сериал
Карантин кезінде көпшілік көрмеген фильмдері мен сериалдарын қарай бастады. Солардың ішінде жұрттың назары La Casa De Papel (Бумажный дом) сериалына айрықша ауды.
Бұл кинотуынды фильмсүйер қауым көңілінен шыққандай. Талайды таңдай қақтырды. Көгілдір экран алдында тапжылмай көруге мәжбүрледі. Болжап болмайтын шытырманы, психологиялық тартысы арқылы миллиондаған адамның жүрек түкпірінен орын алды. Ал әлем елдерінде сериал қаһармандары бейнеленген сувенирлер көптеп сатыла бастады. Тіпті арнайы киім үлгісіне де сұраныс артты.
Сәуір айында Netflix "La casa de papel: El fenómeno" деректі фильмін жарыққа шығарды. Бұл арқылы көпшілік сериалдың құпия сырларына қаныға түсті.
1. Басында сериал сәтті шықпаған
Тонау тақырыбындағы кинотуынды алғаш рет Antena 3 телеарнасында көрермен назарына ұсынылған. Алғашқы эпизоды 4,5 миллион аудиторияны қамтыған. Жаңа сериалдары басталғанда көрушілер саны азая түскен. Сериалдың сәтсіз болғаны болжана бастайды. Мұны байқаған Netflix кинотуындыны сатып алады. Атауын Money Heist ("Ограбление банка") деп өзгертеді және жарнама қосады. Нәтижесінде ең танымал сериалға айналып шыға келді.
2. Бірінші маусымы тек Мадридте түсірілген
Сериалда әр елді көрсеткенмен, бірінші маусымы толық Мадридте түсірілген. Өзге елдер жайлы сюжеттер түсірілім алаңында компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалған. Фильм көрермені артқан сайын бюджеті де өскен.
3. Алты елде айрықша қаралған
Money Heist Франция, Италия, Аргентина, Чили, Бразилия және Португалияда көп көрілген. Солтүстік Африка, Таяу Шығыс пен Түркияда жанкүйерлері көп. Бұл бір парасы ғана болса керек.
4. Стивен Кинг пен Неймар да жанкүйерлер қатарында
Сальвадор Далидің бетпердесі мен қызыл комбинезон киген жанкүйерлер қатарында қорқынышты фильмдер авторы Стивен Кинг пен танымал футболшы Неймар да бар. Тіпті бразилиялық ойыншы сериалдың екінші маусымындағы екінші бөлімге түскен де.
5. Фильмге сценарий алдын ала толық жазылмайды
Сериал сюжеті түсірілім кезінде толығып отырады. Алдын ала толық сценарий болмайды. Мысалы, үшінші маусымда профессор (Альваро Морте) студенттерін төтенше жағдайда операция жасауға үйретеді. Ол үшін шошқаны пайдаланады. Ал арасынан Марсель (Лука Перос) қарсы болады. Себебі ол баскесер болғанмен, жан-жануарлар қорғауды белсенді тұлға болады. Бұл – түсірілім кезінде пайда болған деталь. Осы секілді оқиғалар фильмде көп кездеседі.
6. Ең қиын екі сәт
Түсірілім кезінде ең қиын болғаны – аквалангпен алтын арасында жүру мен дирижавльден ақшаны тастау. Бұл екі сәт актерлар мен операторлар үшін оңай болмаған.
Аквалангпен жүру бар және пенадан жасалған алтынды су астына ұстау қиын болған. Бұл түсірілім үшін Ұлыбританияда арнайы резервуар жасаған. Алтын пенадан жасалғандықтан қалқып шыға берген. Сондай-ақ судың қысымымен тез бұзыла бастаған.
Біріншісі аса қиын шаруа емес. Ал дирижабль арқылы ақша шашу айтарлықтай қиындық тудырған. Режиссерлер ойлағандай шықпаған. Себебі түсірілім алаңында ауа райы құбылмалы болған. Нәтижесінде осы бір сәтті жүзге тарта түсіруге мәжбүр болған.
7. Үшінші және төртінші маусымы шындыққа жанасымды
Сценарий авторлары үшінші және төртінші маусымдағы тонау кезі шындыққа жанасымды болу үшін барын салған. Кәсіби теңіз маманы қызметкерін жалдаған. Сондай-ақ алтынды ерітіп алып шығу арнайы металлургтерді қатарына қосқан.
8. "Белла чао" фильмге дейін танылған ән
Фильм кезінде кейіпкерлер "Bella ciao" әнін орындайды. Әсіресе жаңа үміт пайда болған сәтте. Сериалдағы ән – жеңістің символы. Ән әлемдегі наразы білдіруші топтарды жігерлендіре түсті.
"Bella ciao" – итальян әні. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік қозғалыстың гимні болған.
9. Кинотуынды әлемдегі наразы білдіруші топтарға рух берді
Фильм арқылы кейіпкерлер мемлекеттік жүйеге қарсылығын білдірді. Қарсылығын білдіру арқылы қаһарманға айналды. "Bella ciao" әні қарсылық қозғалыстарында шырқала бастады. Италияда иммигранттар қайығын ұстағанда, олар осы әнді шырқап қоя берген.
Қызыл комбинезон мен Сальвадор Дали бетпердесін киген адамдар Ливан, Ирак, Франция және Чилидегі митингтерде бой көрсетті.
10. Сериалда Қазақстан жайлы да айтылады
Сериалдың үшінші маусымында Қазақстанның жер серігі жайлы да сөз айтылады. Не айтылғаны жайлы білгіңіз келсе, бір көріп шығыңыз.
Бесінші маусымы қашан шығады?
Төртінші маусымнан кейін фильм жайлы көрермендердің ойы сан-саққа кетуде. Бәрін "ары қарай қалай болар екен?" - деген сұрақ мазалайды. Себебі сериалдың бесінші маусымы 2021 жылдың сәуір айында экранға шығуы бек мүмкін. Бірақ бесінші және алтыншы маусымы жайлы ресми хабар тараған жоқ.
Н. Үсенова