- Негізгі бет
- Кино
- "Тақтар ойынының" желісі...
"Тақтар ойынының" желісі бойынша аяқ киім үлгісі жасалды
"Тақтар ойыны" туындысының кезекті маусымы жуырда ғана аяқталды. Әлем жұртшылығының сүйікті сериалының жалғасы енді тек келесі жылы шығады. Бұл фильм жанкүйерлері үшін тым ұзақ көрінері анық. Жаңа сериялардан шөлі қанбай қалған көрермендердің көңілін аулау мақсатында HBO телеарнасы нью-йорктік Koio брендімен бірлесе отырып жаңа аяқ киім үлгісін жасады.
Аяқ киім алтын түсті былғарыдан тігілген. Оның бауы сериал кейіпкері Джейме Ланнистердің қолының формасындағы әшекеймен безендірілген. Сондай-ақ, аяқ киім Ланнистер әулетінің символы саналатын арыстан бейнесімен әрленген.
Жаңа үлгідегі аяқ киімнің 150 данасы ғана шығарылған. Олар сатылмайды. Есесіне оларды ұтып алуға болады. Ол үшін Koio брендінің инстаграм парақшасына кіріп, байқау шарттарымен танысыңыз.
А. Оралқызы