Бүкіл әлем бойынша нағыз трендке айналған Тақтар ойыны телесериалының басты кейіпкері Дейнериспен бірге кино қарау мүмкіндігі бәссаудаға түсті. Яғни, ең жоғары ақы ұсынған адам өзінің сүйікті сериалын актриса Эмилия Кларкпен бірге тамашалай алады. Сауда америкалық актер, режиссер Шон Пеннің қайырымдылық шарасы шеңберінде ұйымдастырылды. Біз әңгімелеп отырған лоттың бастапқы құны $ 20000 болды. Дегенмен, әйгілі актер Бред Питтің 120000 доллар көрсетілген тақтайшаны көрсетуімен оның құны күрт артты. Ол, тіпті, бұл отырысқа Кит Харингтонды да (Джон Сноу рөлін сомдаушы) шақырып үлгерді. Бірақ, сериалдың аноним жанкүйері 160000 доллар ұсынып, Питтке еш мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, Айдаһарлар анасымен бірге кино қарау арзанға түспеді.