Америкалық жазушы Джордж Р. Р. Мартин халықаралық хит Тақтар ойыны сериалының приквелі туралы мағлұмат берді. Танымал сериал негізделе түсірілген Мұз бен жалын әні (Песнь льда и пламени) дастанының авторы приквел Ұзақ түн деп аталатындығын жариялады. Приквелдегі рөлдердің бірін атақты актриса Наоми Уоттс ойнайтындығы белгілі. Ол Малхолланд Драйв фильміндегі рөлі арқылы атақты болды. Оның кейіпкері Гретхен Карлсон деп аталады. Жаңа сериалдың кейіпкері туралы нақты мағлұматтар жоқ, бірақ оны қара құпияны жасырып жүрген харизмалық ақсүйек әйел ретінде суреттейді. Ұзақ түн сериалында Тақтар ойынына дейінгі мың жыл бұрынғы әрекет көрсетілетіндігі ғана белгілі. Жаңа тарихты жасауда Мартиннің өзі және Джейн Голдман жұмыс істейді. Голдман сериалдың сценарийшісі және продюсері ретінде, ал Мартин орындаушы продюсері болады. Джейн Голдман Звездная пыль, Kingsman, Секретная служба, Люди икс: Первый класс фильмдерімен танымал. НВО өкілі Кейси Блойс жоба туралы мынадай ақпаратпен бөлісті: Нақты бір нәрсені айта аламыз: Вестерос тарихының қорқынышты құпиялары, ақ жүргіншілердің тарихы, Шығыс құпиясы және аты аңызға айналған Старктар шындығында біз білеміз деп ойлаған оқиға емес. Мартин өз блогында тағы да бірнеше жоба белсенді өңдеу стадиясында, бірақ олардың не туралы болатындығын айта алмаймын деді. НВО Тақтар ойыны ғаламын белсенді түрде кеңейту мақсатында 5 приквел дайындап жатқандығын айтты. Олар приквелдер де сериалдың өзі секілді танымалдыққа ие болады деп күтіп отыр. Тақтар ойынының 8-ші маусымы 2019 жылдың сәуір айында шығатындығын ескерте кетейік.