Соңғы уақытта такси жүргізушілерінің түрлі құйтырқы әрекеттері мен жолаушыға немқұрайлы қарауынан көптеген келеңсіз оқиғалар болып жатқаны жасырын емес. Әсіресе мұндай жағдай қыз балалардың басына жиі түседі. Зорлық-зомбылық, күш көрсету сынды сұмдықтарды естігенде, қазіргі ер азаматтар есінен алжасқан ба дерсің. Алайда, көпке топырақ шашудың қажеті жоқ. Бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні ежелден-ақ айқын.
Таксиге отырғанда өз-өзінен сезіктеніп, шошынған бойжеткен мен таксист жігіттің әрекеті туралы түсірілген бейнероликті назарларңызға ұсынамыз. Сөз соңында айтарымыз, сақтықта – қорлық жоқ. Сондықтан жол жиегінен такси ұстағанда, жүргізушіге мұқият қарағаныңыз абзал.