Супермен трилогияға айналады

Әлемнің ең үздік суперқаһарманы жайлы аңыз фильмнің тұсаукесеріне әлі де жарты жылдан астам уақыт бар. Десек те, күн өте келе фильм жарнамасы үдеп барады.

14 желтоқсанда бірінші толық трейлері шығатын фильмнің режисері Зак Снайдери мен суперқаһарман рөлін сомдаушы Генри Кевилл сұхбат беруді де бастап кетті. Сол сұхбаттарының ішінде Генри Кевилл үш фильмге бір-ақ келісім-шарт жасасқанын айтқан. Бұл дегеніміз фильм трилогия болмақ екенін айғақтайды. Бірақ ақпарат расында да ресми түрде дәлелсіз қалды. Себебі "Суперменнің оралуы" («Возвращение Супермена») және "Жасыл шам" («Зеленый Фонарь») фильмдері болып отыр.

"Біз өмір шындығына барынша жақын суперқаһарман жасаудамыз. Бұған дейінгі супермендерден айрықша етіп, өзіміздің қалауымыз бойынша жасамақ болдық. Бұл жаңа бастама. Меніңше, көрермен мүлде басқа суперменді көріп, қуанады" дейді Зак Снайдер. 

Оның сөзіне сенсек, супермен барлық біз білетін қаһармандардың көшбасшысы, сондықтан да мұнда режисерлік жұмыс маңызды рөл ойнайды. Режисер шытырман оқиғалар арқылы суперменнің жаңа оқиғаларын ұсынбақ ниетті.

Ескерте кетсек, "Темірден жасалған адам" фильмі қаһарман есімі ешбір жерде аталмайтын фильм екенімен де ерекше болмақ.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/ll39CAovGrg?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"300"});

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com