- Негізгі бет
- Кино
- «Сүлеймен Сұлтан» сериалының...
«Сүлеймен Сұлтан» сериалының актерлері қазір немен айналысады?
«Сүлеймен Сұлтан» — Түркияда түсірілген ең қымбат сериал. Оның актерлік құрамы өте үлкен. Тарихи түрік сериалы 2014 жылы аяқталса да, оған деген қызығушылық әлі де басылған жоқ. Бұл сериалда ойнаған актерлердің көбі Түркияда ғана емес, басқа елдерде де танымал. «Сүлеймен Сұлтан» актерлері қазір немен айналысып жүр?
Халит Эргенч
52 жас
Актер Сүлеймен бейнесін шынымен де танымал етті. «Сүлеймен Сұлтан» сериалының түсірілімі аяқталған соң Халит ең қызықты ұсыныстарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Ол ең жоғары төленетін түрік актерлері ондығына кірді. 2016 жылы «Сен менің Отанымсың» тарихи сериалының тұсаукесері өтті. Бұл сериалда Халит актриса Бергюзар Корельмен басты рөлдердің бірін ойнады. 2017 жылы актер «Қызыл Ыстамбұл» түрік-итальяндық драманың негізгі актерлік құрамына қосылды: ол жасушы Орханды ойнады. 2019 жылы ол «Вавилон» сериалында басты рөлді ойнады. 2021 жылы қаңтардың басында Netflix платформасында Халит түскен «Азиза дилеммасы» комедиясының тұсаукесері өтті. Қазір актердің XIII ғасырдың атақты парсы поэті Румиге арналған түрік-иран картинасына түсіп жатқаны белгілі. Халит пен оның «1001 түн» сериалындағы серігі және әйелі Бергюзар Корельдің екі ұлы бар.
Мерьем Узерли
39 жас
Сериалда актриса сұлтанның әйелі болған славяндық тұтқын әйелдің рөлін ойнады. Ол «Сүлеймен Сұлтан» сериалы көрермендерге ұсынылғаннан бастап жұлдызға айналды. Бұл актрисаны тек Түркияда емес, әлем бойынша көпшілік ұнатты. Бірақ оған қарамастан, ол үшінші маусымның соңғы серияларында жобадан кетеді. Продюсерлер бұл актрисаның шаршағандығымен байланысты екенін айтқан болатын. Бірақ кейінірек оның себебі басқада болғаны анықталды: Мерьем болашақ күйеуі — кәсіпкер Джан Атешпен қатынастары онша емес кезде жүкті болып қалған. Кәсіпкер алаяқ болып шығады, Мерьем онымен қатынасын үзеді. Ол Лара есімді қызды дүниеге әкеліп, түсірілімдерді тоқтатады. 2021 жылы актриса екінші рет ана атанады. Ол қызын Лили Кои деп атайды. Мерьем оқырмандарына күйеуі жайлы ештеңе айтпайды, тек оның американдық екені белгілі.
Селен Озтурк
42 жас
Селен еш өзгермеді десек қателеспейміз. Селен Озтурк консерваторияны аяқтап, пианино мен гитарада кәсіби ойнайды. Сериалдан соң ол тағы 8 фильмге түсті.
Гюрбей Илери
34 жас
Актер Шахзада Мехмед рөліне жаттығып, дайындалды: ол 8 килограмм бұлшықет массасын қосты. Гюрбей мен осы сериалға түскен актриса Эзги Эйюбоглу арасында роман болды, бірақ түсірілім аяқталған соң бұл жұп қатынастарын тоқтатты. 2018 жылы Гюрбей Илери «Қайта тірілген Эртугрул» сериалында Санджар рөлін ойнады.
Арас Булут Ийнемли
32 жас
Арас актер болуды жоспарлаған да жоқ. Ол Ыстамбұл техникалық университетінің авициялық техника факультетін аяқтады. Бірақ ол 16 жасында «Қайта оралу аллеясы» сериалынан рөль алды. Сәтті дебюттан соң ол басқа да шақырулар ала бастады. Актер «Сүлеймен Сұлтаннан» соң «Ішінде» сериалына Чагатай Улусоймен басты рөлді ойнады. 2017 жылы Арас «Шұңқыр» сериалында басты рөлде көрінді. 2019 жылы «№7 камерасындағы ғажайып» кинолентасында да басты кейіпкер рөлін ойнады. Бұл фильм Оскар жүлдесінде «Үздік халықаралық көркем фильм» номинациясына кандидат болды.
Пелин Карахан
38 жас
Пелин Карахан «Сүлеймен Сұлтан» сериалында Сүлеймен мен Хюрремнің жалғыз қызының рөлін ойнайды. Бұл сериалдан соң ол танымал болады. 2015-2016 жылдары ол «Жетер» сериалындағы Айлин Харманлы рөлін ойнады. Қазір Пелин түрік кәсіпкерінің әйелі және олардың екі ұлы бар.
Нұр Феттахоглу
42 жас
Сериал сұлуларының бірі — әрине, Махидевран. «Сұлтан Сүлейменнен» соң актрисаға режиссерлер маңызды тарихи рөлдерді ұсына бастады. Осылайша, актриса дәрігерлер жайлы «Өмірлік жол» сериалында және «Филинта» тарихи жобада пайда болды. 2016 жылы Нұр мен түрік кәсіпкері Левента Везироглу қызды болды.
Небахат Чехре
78 жас
Әулеттің қатал анасы Валиде сұлтанның рөлін ойнаған актриса — жобадағы жасы ұлғайған қатысушылардың бірі. Ол қазір де сериалдар мен киноларға белсенді түседі. Бірақ Небахаттың жеке өмірінде жолы болмады: оның екі некесі де сәтсіз аяқталды және оның балалары жоқ.
Мелике Ялова
38 жас
«Сүлеймен Сұлтан» Меликенің өмірін өзгертті. Ол актерлік мансабын жалғастырмайтынын және бизнеспен айналысатынын айтқан болатын. Бірақ 2012 жылы оған «Кара аға» түрік сериалындағы басты рөлді ұсынды. Мелике ұзақ ойланып, келісім берді. Одан кейін ол «Өмір әні», «Чукуровада» секілді сәтті жобалардан көрінді. 2019 жылы актриса түрік продюсері Алтуга Гюльтанға күйеуге шықты. Қазір ол «Кінәлі емес сотталушы» сериалында басты рөлдердің бірін ойнауда.
Дениз Чакыр
40 жас
Актриса «Сүлеймен Сұлтан» сериаланың үшінші маусымында пайда болғаннан бері Дениз көптеген елде танитын жұлдызға айналды. 2015 жылы актриса «Мафия әлемді билей алмайды» сериалының құрамына кірді. Бұл жоба сәтті аяқталды. Бірақ 2018 жылы сериал продюсері актрисаны жанжалдар себебінен шығарып жібергені жайлы ақпарат пайда болды. Қазір түрік продюсерлері Дениз Чакырды өз командаларына алғысы келмейді. Себебі оның жүрген жері жанжалға толы.
Селим Байрактар
47 жас
2011 жылы экранға көп сериялы «Сүлеймен Сұлтан» жобасы шыққан кезде актердің рөлі оған әлемдік атақ әкелді. 2015 жылы Селим «Саған ұқсайтын махаббат» мелодрамасына түсті. Қазір актер «Аңыз» сериалына басты рөлде түсіп жатыр. Оның әйелі — Бихтер Байрактар музыкамен айналысады және Түркия мемлекеттік симфониялық театрында жұмыс істейді.
А. Жапатова