V халықаралық студенттік және дебюттік «Бастау» кинофестивалі Алматыда 21 қазан күні басталады. Бес күнге созылатын фестивальде фильм көрсетілімдері, киномектеп презентациясы, дөңгелек үстел, атақты кинематографшылар өткізетін мастер-класс, т.б. шаралар ұйымдастырылады.
Бұл жылы кинофестиваль сценарийшілер байқауын жүргізеді. Ең үздік жазылған екі сценарий иелері миллион теңгелік грант жеңіп алады. ЖОО студенттеріне және де кез келген киносүйер көрерменге үлкен мүмкіндік ұсынылды. Өз фильмін түсіргісі келетін киносүйер қауым сценариін жазып, 2015 жылы 20 қазанға дейін жолдауы тиіс. Жеңімпаздар ұтып алған қаржысына кино түсіріп, келесі 2016 жылы өтетін кинофестивальде көрсетілімге шығаратын болады. Бұл жөнінде кинофестивальдің бас директоры Сергей Азимов хабарлады.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматы қатыса алады. Жоба үш критерий бойынша бағаланады:
– драматургия;
– шеберлік;
– тақырып өзектілігі (қазіргі қоғамға қажетті).
Сұрақтарыңызды tanaris.prod@gmail.com поштасына жолдау арқылы жауап аласыздар.