Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде АҚШ конгресінің өкілдеріне арналып қазақстандық режисер Рүстем Әбдірашовтың "Сталинге сыйлық" кинофильмі көрсетілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер Министрлігінің арнайы ақпарат-қызметі.
"Көпшілік мейірімсіз де зұлым қаһарлы заманның астарына адамдық рухтың және махаббат пен мейірімнің жеңісін жасыра суреттеген бұл фильм авторларының еңбегін аса жоғары бағалады", - делінген ақпараттық хабарламада.
Фильм идеясының авторы – белгілі актер Меңтай Өтепбергенов.
Фильм желісі Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда болған ауыр оқиғаларға негізделген. Жер аудару. Сталиннің 70 жылдық мерейтойы. Қазақ жеріндегі кеңістік атом бомбасының алғашқы сынағы.
Басты кейіпкер Қасым ата рөлін Нұржұман Ықтымбаев, Бала Сабыр рөлін Дәлен Шынтеміров сомдайды. Ал Сабырдың есейген кезін сценарий жазуға ат салысқан жазушы Давид Маркиш ойнады. Сондай-ақ, фильмде Бақтияр Қожа, Екатерина Редникова, Вальдемар Шчепаняк, Александр Баширов, Ерболат Тоғызақов, Самат Мырзаханов т.с.с. актерлер бой көрсетеді.
Қазақ қай кезде болмасын келген қонақтың жай-күйі мен тыныс-тіршілігінен хабардар болмастан, оған сый көрсетіп, төрге отырғызған. Фильмде адамдар арасындағы қилы әрі қатал қарым-қатынастар суреттеледі. Қазақ жеріндегі ұлттар достастығы кеңінен дәріптеліп, күллі қазақ халқының дархандылығы көрініс табады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: azattyq.org