Қазақстандық Жайдарбек Күнғожинов пен Талғат Ермегияев спорттағы «Оскар» сыйлығымен марапатталды. Спорт саласындағы ең айтулы шара Атлантик-Сити қаласында өтті.
Төбелес өнерінің халықаралық академиясы жылдың қорытындысын жариялап, спорттың осы түріндегі үздіктерді марапаттады. Марапаттау рәсіміне жүздеген елден келген спортсмендер, жаттықтырушылар және каскадерлер жиналған. Спорттың дамуына зор үлес қосқаны үшін еліміздің танымал каскадері Жайдарбек Күнғожинов марапатталды.
«Бұл – әрине, Қазақстанның абыройы, спорт пен киноның дамуы болып отыр. Қазақстандық каскадерлердің еңбегін бағалауы біз үшін өте маңызды» дейді Жайдарбек Күнғожаев.
Ол «Дневной дозор», «Жаужүрек мың бала», «Рэкетир» фильмдеріндегі төбелес сәттерін жасаған еді. Сонымен қатар, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұрынғы төрағасы, ал қазірде «Астана Экспо-2017» басшысы Талғат Ермегияев та марапатталды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: ambox.su