Аты аңызға айналған режиссер Мартин Скорсезе "Оскар – 2020" өтер-өтпестен келесі картинасын қолға алып үлгерді. Осы жолы шебердің көзі Дэвид Гранның "Ай гүлін өлтіргендер" романына түскен. Аталған кітап New York Times бестселлерлері қатарына енген. Сценарийді фильмге адаптациялау жұмыстарымен Эрик Рот ("Форрест Гамп") айналысып жатыр.
"Біз картинаны вестерн жанрында түсіреміз деп шештік. Фильм сюжеті 1921 – 1922 жылдардағы Оклахомада орын алады. Бұл жанрды жақсы көретіндердің құрметіне фильмде ковбойлар мен әдемі аттар көп болады", – деді Мартин Скорсезе.
Жаңа туындыда басты рөлдерді Леонардо Дикаприо мен Роберт Де Ниро ойнайды. Дикаприо осымен Скорсезенің 6-шы фильміне түссе, режиссердің бойтұмарына айналған актер Де Ниро 11-ші картинаның сәнін келтірмек. Екеуі де Скорсезе туындыларының ажырамас бөлігі болса да, алғаш рет бір картина түсіріліміне қатыспақ. Бұл "Ай гүлін өлтіргендер" фильмін бұрынғыдан бетер асыға күтуге себеп болары анық.