"007: "Скайфолл" координаттары" фильмінің әлемдік прокаттан жинаған ақшасы 918 миллион доллардан асты.
Осылайша, "бондиананың" 23-эпизоды Sony Pictures студиясының ең кассалық фильмі атанып отыр. "Скайфолл" осы арқылы жиған қаржы көлемі бойынша "Өрмекші адам" фильмінің үшінші бөлімінің алдына түсті. Естеріңізге сала кетелік, соңғысы әлем бойынша 890 миллион доллар жинаған болатын.
"Скайфолдың" авторлары фильмнің табатын қаржысы миллиард долларға дейін жетеді деп үміттеніп отыр. Себебі картина әлі Қытай нарығына шыққан жоқ. Ал 1,8 миллиард тұрғыны бар ел өте перспективті орта болып есептеледі.
"007: "Скайфолл" координаттары" лентасы "бондиананың" ең үздік бөлімі болып танылғандығын да айта кетелік. Ал фильмнің басты рөлін сомдайтын Даниел Крейг франшиза тарихындағы ең үздік актер ретінде айтылуда.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kinozavr.kz