- Негізгі бет
- Кино
- Сильвестр Сталлоне фильмдері...
Сильвестр Сталлоне фильмдері 60 жыл бойы ең көп касса жинап келген тұңғыш актер атанды
Сильвестр Сталлоне алты онжылдық бойы фильмдері прокат бастаған бірінші актер атанды. Бұл туралы Deadline хабарлады.
Жетекші позицияны соңғы рет 2021 жылы Сталлоне қатысқан «Суицидтік жасақ: жою миссиясы» картинасы алды. Кассадағы алғашқы демалыс күндері фильм 72,2 миллион доллар жинады. Сталлоне аталған фильмде дыбыстаушы актер рөлін атқарған. Картинада акулалар патшасы Нанау Аты аңызға айналған актер дауысымен сөйлейді.
Бұрын Сильвестр Сталлоне тікелей атсалысқан мынадай фильмдер прокат көшбасшысы болды: «Рокки», «Рокки-2», «Рокки-3», «Рэмбо: Бірінші қан», «Рэмбо: Бірінші қан-2», «Рокки-4», «Кобра», «Оскар», «Өрмелеуші», «Жоюшы», «Специалист», «Полицейлер», «Жарыс қатысушысы», «Жүгенсіздер».
Суретте: Сильвестр Сталлоне жұбайы және 3 қызымен
Бір қызығы, ол осы күнге жету жолында қаншама қиындық көргенін біреу білсе, біреу білмейді. Көпшілікке, әсіресе, оның фильмдерін көріп өскендерге ол аңыз болып жаратылғандай көрінуі мүмкін.
Шындығында ол дүниеге келген кезде бетінің жүйке тамырлары зақымданған. Соның салдарынан беті, аузы, тілі жансызданған. Он бір жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Он үш жасына дейін нашар тәртібі үшін оқудан қуылып, он мектеп ауыстырған. Мектепте балалар оған дұрыс сөйлей алмағандығын және бойының кішілігін айтып мазақ қылған. Жиырма төрт жасына дейін зообақ торларын тазалаушы, қарауыл, күзетші болып жұмыс жасаған. Актер болуды армандаған, бірақ тілінің кемістігі мен түр-келбетінің сай келмеуінен рөл берілмеген. Сол кездері ол әрқайсысына төрт реттен үш жүз студияға барған екен. Бәрі де нәтижесіз аяқталған, ешкім рөл бергісі келмеген. Отыз жасында ақша жетіспеушілігінен әйелінің әшекейін оның рұқсатынсыз сатып жіберген. Сол үшін әйелі бір жастағы ұлын алып кетіп қалған.
Содан соң ішер азығы болмағандықтан итін 40 $-ға сатып жіберген. Сол жылы ол бір бардан шабытының оянуына себепкер болған бокс жекпе-жегін көреді.Екі күн ішінде фильмге сценарий жазады. Оны 25 мың долларға сатып, «басты рөлде өзім ойнаймын»- деген шартқа қол қояды. Фильм көрерменнің үлкен ықыласына бөленіп, «Оскардың» он аталымына ұсынылады және актерді әлемнің бай адамдары қатарына қосты.
А. Оралқызы