Шәкен Кенжетайұлы Айманов дарынды актер әрі режиссер, ол жаны жайсаң, кез келген адаммен тіл табыса алатын біртуар тұлға еді. Соңғы жиырма жылда екеуміз жақын дос болып кеттік, Бүкілодақтық семинарларға, КСРО кинемотографистер одағының пленумдарына, көптеген кинобайқауларға бірге баратынбыз. Әрқайсымыз өз фильмдерімізді түсіру үшін экспедицияға кеткен кезде бір-бірімізден ажырайтынбыз. Жамбыл(1950-1952) фильмінің түсірілімі кезінде біз бір отбасы секілді 2 жыл бірге тұрдық, біздің әйелдеріміз Хадиша мен Олеся да жақсы араласып, дос болды.1961жылы менің ұлым Нартай туылды, оның есімін Шәкен Кенжетайұлы қойды. Мен режиссер ретінде жұмыс істедім, Ал Шәкен басты рөлді алмақ болды, басты рөлге түскісі келетін актерлер өте көп болды, кейібірімен тіпті түсірілімді бастап та көрдік, бірақ Жамбылдың рөлінде Шәкеннің ойнағанын қайта басынан бастап түсірдік. ҚоюшысыЕфим ЛьвовичШәкеннің актерлық ойынына тәнтті болды, өйткені сол кезде оның жасы небәрі 36-да болатын. Шәкен Кенжетайұлы Жамбылды жақсы білетін. Сонау1936жылдан бастап ақынның өмірін зерттеп жүретін. Бұл оның кинодағы алғашқы салмақты рөлі болды. Көңілі көтеріліп, жаны рахаттанғанда оның жүзі бал-бұл жанып, әжімдері жазылып, ерекше сұлуланып кететін, қарап тұрып қызығатынбыз. Шәкен бізгеӨзі және шығармашылығы туралыжазбаларын қалдырды. Өте шынайы жазылған. Онда дарын иесінің өмірінің әр кезеңі нақты жазыоған. Жазбаларында ол өзінің кинемотографистік қырын ғана жазды, өйткені басылымның сипаты солай болатын, ал театр туралы ештеңе жоқ. что объясняется характером издания. алайда 40-жылдары Шәкен Айманов Қазақстандық драма театрда қайталанбас тұлға болды. ОлУкрощении строптивой қойылымындаПетруччионың сахналық образын қойды. Осы рөлде ойнаған көптеген актерлерді білемін, бірақ олардың көпшілігі сахнада Аймановтың жасаған образына жақындай да алған жоқ. Содан кейін Ғабит Мүсіреповтың Ақан сері Ақтоқты спектаклінде Ақанның, Человек с ружьем қойылымындаШадринның,Грозе.спектаклінде Тихонның рөлдерін тамаша ойнады. Шәкен Аймановтың сахналық образдары турады көп жазуға болады.Ал оның соңғы үш фильмі Перекресток, Земля отцов, Атаманның ақыры - нағыз кемелденген фильмдер.КСРО Халық әртісі, қоғам қайраткері қазақтың халық өнерінде ерекше орны бар тұлға, ол қазақ театры мен киносы үшін үлкен еңбек сіңірді. Мәжит Бегалин Мәскеу, 1973ж.