Голливуд әртісі, саясаткер әрі бодибилдер Арнольд Шварценеггер бұлшықетті шынықтыру жолдарын көрсетемін деп жұртты күлдірді. Әзіл видеосын актер Инстаграм желісіндегі парақшасында жария етті.
Роликте Шварценеггер бицепсті үлкейте алмай жүрген адамдарға келесідей техниканы ұсынады. "Сіздерде бицепсті өсіруде қиындықтар пайда болса, мәселен дене шынықтыру залына бара алмай қалсаңыз, онда былайша шынығыңыздар", − деп әзілдейді Шварценеггер аузына бас бармағын қойып.
Актер төс бұлшықеттерін болса сұқ саусақпен шынықтыруға болады деп, тағы бір күлкілі әрекет жасайды.
Дереккөз: .tengrinews.kz