Маусымның бел ортасына да келдік. Алда әлі 175 жазғы күн мен түн бар. Бұл уақытты құр жібергісі келмейтін жандар өз қызығушылығына қарай әртүрлі тынығады. Кейбірі әлеуметтік желілерден тыйылса, бірі жаңа кино күтеді. Қызығушылығын соңғы мысалмен байланыстыратын оқырмандар шілде айының 14-ші жұлдызынан бастап мына фильмдерді кинотеатрлардан тамашалай алады.
14 шілдеде барлық кинотеатрда көрсетілетін фильмдер:
«Мұз дәуірі: соқтығысу реті» (түпнұсқа: «Ice Age: Collision Course», орысша: «Ледниковый период: Столкновение неизбежно»)
Елі: АҚШ, 2016
Режиссері: Майк Тёрмайер, Гален Т.Чу
Жанры: Анимациялық фильм
Рөлдерде: Джон Легуизамо, Куин Латифа, Мартин Шорт, Кеке Палмер, Дэнис Лири, Рэй Романо, Ванда Сайкс, Джей Лено, Саймон Коуэлл, Феликс Чельберг
Көпке күлкі сыйлап жүрген тиін бір жаңғақты қуып жүріп, ғаламшарлардың орналасу тәртібін жасап шығады. Бірақ, үнемі соры қайнап жүретін ол бұл жолы да Жер ғаламшарына қауіп төндіретінін білмеді. Қандай қауіп екенін білсе, бұл іске өзі де бармас еді. Мұз дәуіріне төнген қауіп Сид, Мэнни, Диего сынды басты кейіпкерлерді және өзге де аңдарды өз мекендерінен жырақтатпақ. Қауіптің бетін кім қайтара алады?
«Cезімсіз қоғам» (түпнұсқа: «Equals», орыша: «Равные»)
Елі: АҚШ, 2015
Режиссері: Дрейк Доримус
Жанры: Фантастика
Рөлдерде: Николас Холт, Кристен Стюарт, Гай Пирс, Джеки Уивер, Тоби Хасс, Дэвид Селби, Кейт Лин Шейл, Ребекка Хэзлвуд, Тео Ю, Аврора Периньо
Сайлас – құқықтары тең жандардың қатарында. Ол – ізетті, шыншыл, мінсіз. Бұл ортада жоқтық, қызғаныш, зорлық, тіпті эмоция да, сезім де жоқ. Олардың ортасы тыныштыққа негізделген. Бірақ кенеттен бұл ортаға SOS дерті енеді. SOS – қоғамдық сана синдромы. Синдромның басты белгісі – аяу, ғашық болу, ұнату, жылау, қорқу, күйзеліс. Дертке шалдыққандарды билік қайтып келмейтін мекенге жібереді. Сайлас та осы дертке душар болғанын сезіп, өзге әлемге кетіп бара жатқан жерінен жағдайы өзі секілді қызға кезігіп қалады.
21 шілдеде барлық кинотеатрда көрсетілетін фильмдер:
«Қараңғылық» (түпнұсқа: «Lights Out», орысша: «И гаснет свет»)
Елі: АҚШ, 2016
Режиссері: Дэвид Ф. Сандберг
Жанры: Қорқынышты
Рөлдерде: Тереза Палмер, Мария Белло, Билли Бёрк, Алисия Вела-Бэйли, Эмили Элин Линд, Гэбриел Бейтман, Amiah Miller, Лотта Лостен, Ава Кантрелл, Александр ДиПерсиа
Жарық өшкенде бұл үйдегі тұрғындарды біреу бақылап жүреді. Зұлым күш пе немесе біреудің қарғысы ма, әлде досының кезекті қалжыңы ма? Олардың өміріне қауіп төндірген не болуы мүмкін?
«Зайырлы қоғам» (түпнұсқа: «Café Society», орысша: «Светская жизнь»)
Елі: АҚШ, 2016
Режиссері: Вуди Аллен
Жанры: Драма
Рөлдерде: Блейк Лайвли, Джесси Айзенберг, Кристен Стюарт, Анна Кэмп, Келли Рорбах, Стив Карелл, Кори Столл, Паркер Поузи, Шерил Ли, Маги Авила
1930 жыл. Бір жас жігіт кино әлемінен орын аламын деген үмітпен Нью-Йорктен Голливудқа көшіп келеді. Аяқ астынан Лос-Анджелеске келіп, бір қызға ғашық болып, ақсүйектер ортасына тап болады. Барлық оқиға осы жерден өрби түседі.
Жозефинаның оқиғалары (түпнұсқа: «Joséphine s'arrondit», орысша: «Случайно беременна»)
Режиссері: Марилу Берри
Жанры: Комедия
Рөлдерде: Марилу Берри, Мехди Неббу, Меди Садун, Сара Суко, Ванесса Гуид, Сирил Гуи, Жозиан Баласко, Катрин Жакоб, Патрик Брауде, Виктория Абриль
Жозефина мен оның мінсіз жігіті екі жылдай кездесіп жүрген. Бірақ аяқ астынан ата-ана болу бақыты бұйырады. Екеуіне материалдық емес, моральдық тұрғыда дайындық керек. Жозефина ана болуға қалай дайындалады екен?
«Стартрек: Шексіздік» (түпнұсқа: «Star Trek Beyond », орысша: «Стартрек: Бесконечность»)
Режиссері: Джастин Лин
Жанры: Фантастика
Рөлдерде: Крис Пайн, Закари Куинто, Саймон Пегг, Карл Урбан, Зои Салдана, Идрис Эльба, София Бутелла, Антон Ельчин, Дип Рой, Джон Чо
Бесжылдық миссиядан кейін екі жыл өткен соң... Джеймс Т.Кирк басқаратын «Энтерпрайз» ғарыш кемесіне өзге ғаламшарлықтар шабуылдап, кемені басып алады. Өзге ғаламшарлықтар мен Жер тұрғындары өмір үшін қалай күреседі?
«Буни қонжықтары 3» (түпнұсқа: «Boonie Bears III», орысша: «Мишки Буни: Тайна цирка»)
Режиссері: Динг Лианг
Жанры: Анимационный фильм
Рөлдерде: Wan Danqing, Chen Guang, Ma Haolun, Yutian Meng, Xiao Tan, Чжан Вэй, Sun Xiaodong, Хин Йуан, Bingjun Zhang
Атақ-даңқ адал достардың орнын баса ала ма? Достарсыз бәрі қиынға соғады. Даңққа бөленген өмірді достармен бөліспесең, өзіңнің адал емес екеніңнің белгісі. Достық әрқашан сақталуы тиіс. Ал мәртебесі өскендер достарын тастап кете ме?