- Негізгі бет
- Кино
- «Шериф Уиллоуби, бұның...
«Шериф Уиллоуби, бұның қалай?»
Белгісіз біреулер жасөспірім қыздың өміріне балта шабады. Полиция болса істі толық жүргізбестен, жаба салады. Ал, құрбан болған қыздың анасы Милдред Хейз істі өз қолына алады. Қала сыртындағы жарнама тақташаларына жергілікті полиция мен шериф Билл Уиллоубиге үндеу іліп қояды: «Зорланған және қаза тапты!», «Бір де бір тұтқынсыз», «Шериф Уиллоуби, бұның қалай?».
Мартина МакДонаның авторлық драмасы – ашу мен ызаға толы, шындық араласқан әзіл мен қатыгездікке үн қатқан тік жауап. «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» (Три билборда на границе Эббинга, Миссури) – іс-әрекетке шақырудың үздік үлгісі. Басты кейіпкер әділетсіздікпен күреседі, биліктің қыңыр жолына қарсы тұруға шешім қабылдайды. Әділетсіздік пен арасыздықтың бәрі екі полиция қызметкерлері арқылы көрсетіледі: бірі – адамдармен оңай келісім жүргізетін шериф Билл Уиллоуби (Вуди Харрельсон) мен офицер Диксон (Сэм Рокуэлл).
Фрэнсис МакДорманд сомдауындағы Хейз заңның бәріне бірдей болуы үшін күресті бастайды. Полиция қылмыскерді жазалауы тиіс пе? Тиіс. Қылмыскер бостандықта жүргенде қалай тыныш ұйықтай аласыңдар? Бұндай тікелей талап полицей қызметкерлерінің шамына тиеді. Билікке ашық әрі дөрекі жолдама олардың ашу-ызасн оятады. Халық дегенімен, Хейз жалғыз қалады. Барлығы шерифті қорғауға тырысады. Тіпті, шіркеу қызметкерлері де полицейдің жақтасына айналады. Милдред Хейз халықтың арасында шеттетілген біреуге айналады. Мартин МакДона халыққа үміт сыйлайды. Билл Уиллоуби өз кінәсін мойындай отырып қаза табады. Ал, офицер Диксон Хейзбен бірге қылмыскерді іздеуге тырысады. Хейз халықтың қысымын көрсе де, өз дегенінен қайтпайды. Өзгелердің ойы қызықтырмайды. Ол үздіксіз күреседі. «Құл» болудан бас тартады.
МартинМакДонаның туындысының кейіпкерлері бір ғана нәрсені көрсетеді: – заңға сенімділіктің жоқтығы. Қызынан айырылған ана хикаясы барлық қиындықты жеңуге қабілетті екенін көрсетеді.
Т. Есқали