"Шал" фильміндегі оймақтай ойлар

"Шал" фильміндегі оймақтай ойлар

Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" шығармасының негізінде түсірілген Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі қазақ киносына жаңа леп әкеліп, халықаралық "Киношок-2013" кинофестивалінде бас жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Қазақстанда "Жыл фильмі" атанып, картинада басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Жыл киноактері" номинациясында "Алтын адам" сыйлығын қанжығасына байлаған болатын.

Айтулы "Шал" фильмінде қолданылған нақыл сөздер мен тағылымды түйіндерді назарларыңызға ұсынамыз.

  • Қазір қасқыр атуға болмайды. Жуырда ғана күшіктеді.
  • "Жолаушы – мүсәпір" деген. Құрметпен қарау керек.
  • Атасының сақалына жармасқанның абырой тапқаны жоқ. 
  • Жылқы жарықтық қашан да иесінің қасында болуы керек. 
  • Ешқандай академия бітірмесек те, аштан өліп жатқан жоқпыз. 
  • Қарт адам бала көңілді келеді. 
  • Қарт адамның қадірін өзің қартайғанда білерсің.
  • "Күлсең, кәріге күл" деген.
  • "Қасымның жолы ауыр" дегендердің аузына құм құйылады әлі...
  • Бұйырған кетпес.
  • Құтырған – адамдар. Ал қасқыр байғұс... Тағының аты – тағы емес пе?
  • Мінезсіз еркек адам болмайды.
  • Ақшаның құдіреті керемет пе? Онда неге адасып жүрсің?
  • Мен қараңғы надан болсам да, ол (шалдың немересі, – Массагет) ел таныған адам болсын. Міне, өмірдің маңызы сонда. 
  • Өзекті жанға бір өлім. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ifolderlinks.ru

Р. Роза