"Шал" екі аптада 30 миллион теңге жинады

"Шал" екі аптада 30 миллион теңге жинады

Ермек Тұрсыновтың "Шал" кинокартинасы екі аптада Қазақстан бойынша 30 миллион теңге жинады, деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  

Киностудия мамандарының айтуы бойынша, бұл авторлық форматтағы фильм үшін жақсы нәтиже. Баспасөз қызметіндегілер сонымен бірге, кинокартинаны қазақ және орыс тілдерінде көруге болатынын айтып өтті. Киностудия мамандары "Фильм прокатқа қазақ және орыс тілдерінде шықты. Прокатта ол екі апта ішінде Ақан Сатаевтың "Адасқандар" фильмімен бірдей нәтиже көрсетті" дегенді айтты. 

"Шал" фильмі Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" шығармасы бойынша түсірілген. Ал Тұрсынов болса, картинаны "Қазақша Хемингуэй" деп атайды. Фильмнің барлық дайындық жұмыстары 2012 жылдың басында аяқталған еді. Фильмдегі басты рөлді қатаң аса қиын кастинг барысында таңдалып алынған Ерболат Тоғұзақов сомдады. Картинада сондай-ақ Орынбек Молдахан, Оңдасын Бесікбаев, Ердан Нүсіпақынов, Олег Полторацких және тағы басқа белгілі актерлер ойнады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kinozavr.kz

Б. Қосмағамбет