Массагет порталы шахмат ойыны және әлемдегі ұлы шахмат шеберлері туралы фильмдер топтамасын ұсынады.
1. Паташалар ойыны (Royal Game) 2021 ж
Вена, 1938 жылы Адвокат Йозеф Барток әйелімен бірге нацистер басып алған Австриядан кетпекші болғанда оны гестапо тұтқындайды. Бартоктан клиенттер туралы құпия ақпаратты беру талап етіледі, ал бас тартқаннан кейін жалғыз адамдық камераға жабылып, сыртқы әлемнен қол үзеді. Бірақ бір күні Джозеф түрмедегілерден шахмат туралы кітапты ұрлап алады. Өзімен-өзі шахмат ойнап, бұл ойынның сырына қанығады. Кейін әлем чемпионымен шахмат онайды.
2. Пешканы құрбан ету (Pawn Sacrifice) 2015 ж
Режиссер Эдвард Цвиктің америкалық автобиграфиялық фильмі. Фильм 1972 жылы Рейкьявикте шахматтан әлем чемпионатында қырғи-қабақ соғыстың қызған шағында Борис Спасскийді жеңген америкалық гроссмейстер Бобби Фишер туралы. 2014 жылдың қыркүйегінде ол Торонто кинофестивалінде көрсетілді. Басты рөлде Тоби Магуайр сомдайды.
3. Катве патшайымы (Queen of Katwe) 2016 ж
Катве патшайымы – америкалық автобиографиялық фильм. Режиссері – Мира Наир, сценарий авторы – Уильям Уилер. Фильм Уганда астанасы Кампаладағы кедейлер қонысы – Катвада тұратын Фиона Мутеси есімді қыздың өмірін баяндайды. Ол тегін тамақ беретін жерге келіп жүреді. Бұл жерде шахмат үйірмесі болады. Ол шахмат үйреніп жергілікті турнирлерде табысқа жеткеннен кейін халықаралық деңгейге шығады.
4. "Бобби Фишерді іздеу" (Searching For Bobby Fischer) 1993 ж
"Бобби Фишерді іздеу" фильмі АҚШ мектептерінде шахматтың танымалдылығын тудырды. Бұл фильм Фред Уайтцкиннің ұлы Джошуа Уайтцкиннің шахмат әлеміне жасаған сапарын егжей-тегжейлі баяндайтын "Бобби Фишерді іздеу" кітабына негізделген. Джош шахматтан халықаралық шебератанады, бірақ жекпе-жек өнерімен айналысу үшін шахматтан бас тартты.
5. Жетінші мөр ( шв. Det Sjunde Inseglet ) 1957 ж
Жетінші мөр – швед режиссері Ингмар Бергманның философиялық астарлы әңгіме жанрындағы ақ-қара түсті авторлық фильмі. Ол режиссердің "Ағаш кескіндеме" бір актілі пьесасы бойынша түсірілген. Фильм діни символизмге толы және болмыстың табиғаты мен адамның әлемдегі орны туралы, өмір мен Құдайдың мәнін іздеу туралы әңгімелейді.
Фильм әлемдік кинематографияның классигі болып саналады, сонымен қатар барлық уақыттағы ең ұлы фильмдердің бірі. Осы кинокартинаның арқасында Бергман әлемге әйгілі режиссер болды.