Шах Рукх Хан танымал үнді актері, әнші, продюсер, "Болливуд патшасы" атымен танымал. Мансап жолында ол сегіз белді үнді кинопремиясын жеңіп алады. 2005 жылы оның үнді кинематограиясының дамуына қосқан үлесі "Падма Шри" атағын иемденді. Бұл — Үндістандағы мемлекеттік марапаттардың бірегейі. 2008 жылы Newsweek журналы оны "Әлемнің 50 белді адамы" тізіміне қосса, 2011 жылы Los Angeles Times басылымы оған әлемнің беделді кино жұлдызы деген атақ берді. Назарға 2000-жылдары көптеген бойжеткеннің алғашқы махаббаты болған Шахрух Ханның үздік фильмдерін ұсынамыз.
Ғашықтар / Dilwale / Влюблённые (2015)
Вир Ишаға бір көргеннен ғашық болады.Бойжеткен де көп ұзамай жігітке ғашық екенін мойындайды. Бірақ, Вирдің Радж есімді ағасы, ал Ишаның Мира атты әпкесі бар. Ғашықтар өз сезімдері жайында туысқандарына айтуға бел буады. Дегенмен бұл шешім олардың өмірін күрт өзгертеді.
Мен аман тұрғанда / Jab Tak Hai Jaan / Пока я жив (2012)
Оқиға үнді саперлер жасағының майоры Самар Ананде туралы. Барлығы өзгелердің өмірі үшін еш қорқынышсыз жарылғыш затты залалсыздандырады. Бір күні Самар суға батып бара жатқан бойжеткен Акираны өлімнен аман алып қалады. Ол Discovery Channel тілшісі ретінде қызмет атқарады. Қарбаласпен жүріп, Самар күртешесін Акираға қалдырып кетеді. Акира оның күнделігін тауып алып, Мира есімді бойжеткен мен оған берген мәңгілік анты туралы жазбаны оқиды.
Менің атым — Кхан/ My Name Is Khan / Меня зовут Кхан (2010)
Ризван Кхан Үндістаннан Сан-Францискоға көшіп келген мұсылман. Ол Америкада ағасы және қалыңдығымен өмір сүреді. Аспергер синдромына шалдыққан Ризван Мандираға ғашық болып, отбасылы болады. Олар 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін бақытты өмір сүреді. Терракт олардың өмірін толықтай өзгертеді. Қос ғашықтың қарым-қатынасына да сызат түспей қоймайды. Оны қайтару үшін ол ұзақ “сапарға” аттанады.
Құдай қосқан жұп / Rab Ne Bana Di Jod / Эту пару создал бог (2008)
Таани мен Суриндердің отбасылық өмірлері олар ойлағандай бола қоймайды. Таани - жас, заман талабына сай өмір сүріп жатқан бойжеткен, ал күйеуі ескінің адамы. Таани бос уақытында бимен айналасады және жоспарында Dancing Jodi жарысына қатысу бар. Дайындық кезінде биден серіктесі Раджбен танысады. Радж оның күйеуіне мүлде ұқсамайды. Таани уақыт өте Раджға ғашық екенін түсінеді.
Ертеңнің болар-болмасы белгісіз / Kal Ho Naa Ho / Наступит завтра или нет? (2003)
Оқиға 2003 жылы Нью-Йорк қаласында көктемде өтеді. Нэйна Капур үшін көңіліндегі күрең күз әлі кеткен жоқ. Өйткені әкесінің қазасынан кейін отбасыдағы бар ауыртпалық оның басына түседі. Аман Матхур болса өмірден тек жақсылықты байқайды. Бұның бұл оптимизмі Нэйнаға ұнай қоймайды. Сол үшін Аман досы Рохиттен көмек сұрайды.
Қайғы да, қуаныш та…/ Kabhi Khushi Kabhie Gham… / И в печали, и в радости... (2001)
Бизнесменнің екі ұлы бар: бірі туған Рохан, екіншісі асыранды Рахул. Рахул Нэйнамен дос ретінде араласады, әкесі екеуін үйлендірмек ойда. Рахул Анджали есімді кедей отбасынан шыққан қызға ғашық.Әкесіне берген уәдесіне қарамастан, ол жасырын түрде Анджалиге үйленіп алады. Ол отбасынан кетіп, Лондонға аттанады. Інісі Рохан ер жеткеннен кейін әкесі мен ағасы арасындағы кикілжің жайына қанық болады. Енді оның мақсаты — ағасын үйге қайтару.