- Негізгі бет
- Кино
- Шабыт сыйлайтын сериалдар...
Шабыт сыйлайтын сериалдар
Күнделікті тіріліктен бір уақыт босап, қолыңыз тиіп жатса, мына сериалдардың бірін көруді ұсынамыз:
«Қоғам / «Community» / «Сообщество»
Оқиға аса танымал емес аймақтық колледжде жүзеге асады. Басты кейіпкер – байлық пен атаққа үйренген заңгер. Ол алған дипломы жалған екенін білгеннен соң, оқуға аттанды. Бұл – өмірде жолы болмаған, бірақ, бәрін қайта бастауға шешім қабылдаған жандардың оқиғасы. Басында көрермен үшін жағымсыз кейіпкерлер уақыт өте сүйіктілер қатарына қосылады.
Дегенмен, сериалдың басты идеясы – қарапайым өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы. Әлемде жалған пәлсапаға еріп, жалған ізденістің артына түсетіндер көп. Сериал әлемді сізді тура қалпыңызда қабылдайтын әлемнің барын көрсетеді.
«Майлы бояу»/ «The bold type» / «Жирный шрифт»
Бұл сериал батыл, ашық-жарқын адамдарға арналған. Бір-біріне қарама-қайшы әлемде өз құндылықтарын жоғалтпауға тырысқан жандардың тағдыры сипатталады.
«The bold type» сериалы адамдарды кішкентай мәселеден бастап, қолдау мен шабыт жетіспей қалатын үлкен армандарды айтуға шақырады.
«Сынақ пен қателік» / «Trial & error» / «Методом проб и ошибок»
Әйелінің өліміне күдікті ретінде танылған зейнеткерді қорғау мақсатында жас заңгер ауданға келеді. Іске белсене кіріскенімен, жас заңгер анық нәрсені байқағасы келмейді: іс ушыға түседі, қала тұрғындары одан безіне бастайд, ал тобы кәсібиліктің жетіспеуінен жапа шегеді. Басты кейіпкер өз қателігінен сабақ алмаса да, көрермен оның қателігін қайталуға болмайтынын ұғып отырады.