2013 жылдың сәуір айында отандық кинопрокатқа әнші Қайрат Нұртастың өмір жолын көрсететін "Өкініш" атты көркемфильм шықпақ. Бұл жөнінде фильм директоры Мира Келімбетова баян етті.
"Фильмде жас Қайраттың өнердегі жолы, шығармашылығы және жетістікке жетуі айтылады. Бар құпияны ашпай-ақ қояйық әзірге. Көрермен өзі көре жатар. Бұл біздің дебюттік кинофильміміз. Уайымдамай жүрген жоқпыз. Студиядан екі елі аттамай, фильмді қайта-қайта қарап, өңдеудеміз", - дейді Мира Келімбетова.
Мелодраманың түсірілімі 2012 жылдың шілде мен қараша айларында еліміздің Астана, Ақтау және Түркістан (өзі туған жер) қалаларында өткен. Кинокартинада Нұртастың ата-анасы және аға-інілері де бой көрсетеді.
Қайрат анасымен
Ал басты рөлдерде Қайратпен бірге әнші Сиви Махмуди, актриса Жәния Джуринская және әнші Ренат Баситовтар ойнайды. Сонымен қатар, фильмге түсуге Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов та "жоқ" демепті. Ал кинофильмнің продюсері - Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова.
Жәния Джуринская
Ренат Баситов
Сиви Махмуди
23 жасар Қайрат Нұртас алғаш рет сахнаға сегіз жасында шыққан. Өзінің аздаған карьералық жолында жас әнші жүздеген ән жазып, Қазақстанның түкпір-түкпірін үлкен концерттермен дүркіретті.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MJecbESGKxU","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: vk.com