Сатыбалды айтқан ойлар

Сатыбалды айтқан ойлар

Бүгін белгілі кинорежиссер, киносценарист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тәуелсіз "Тарлан" және Француз киноөнер Академиясы Жорж және Рита Садуль атындағы жүлдесінің иегері,  бірнеше беделді Халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтің туған күні. Кинорежиссердің  тың ой, соны пікірлерін жинақтап назарыңызға ұсынамыз.

***

♦ Тарантино кинопародия жасайды. Барлығы классикадан алынған. Ол құбылыс не асқан суреткер емес. Бірақ сөзсіз шебер. Лағманның түр-түрін жасап береді. Керегіңнің бәрін табасың. Қан керек пе? Цистернасымен төге салады. Мархабат. Бүгінгі нарық заманының талабына жұмыс жасап жүрген жігіт. 

♦ Киноға қанығып, тұнығын ішіп, әліппесін игермегендер шынымен құбылыс боп келеді.

♦ Сенім керек. Адамға сену керек;

♦ Атақтың бақ не сор екені адамның парасатына байланысты;

♦ Бақыт – ұзақ еңбек пен жақсылыққа деген ұмтылыстың жемісі;

♦ Адам қиянатты дүниетанымның тарлығынан көреді;

♦ Бірінші болып кешірім сұрау адамды рухани байытады;

♦ Ең қасиетті мекен – Жерусалем. Жер + су+ әлем;

♦ Мен – адамзат деген халықтың өкілімін;

♦ Абайға қайта-қайта ораламын. Әр оралған сайын үнемі жаңалық көретінім таң қалдырады;

♦ Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді. Себебі, ол қар астынан шығады;

♦ Әйелге тән ең жақсы қасиет – құпия бола білуі;

♦ Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен;

♦ Құдайдың алдына барсам, өз-өзіме қойған сауалдардың жауабын сұрар ем.

Т. Раушанұлы