- Негізгі бет
- Кино
- "Сағынтайдың бірінші әйелі"...
"Сағынтайдың бірінші әйелі" фильмі Германияда өткен кинофестивальде жүлде алды
Фото:
tn.kz
Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Сағынтайдың бірінші әйелі" атты фильмі Коттбуста (Германия) өткен халықаралық кинофестивальде жүлделі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картинаға "Мәдениетаралық коммуникация үшін" сыйлығы тарту етілді. Жүлде ретінде үш мың евро көлеміндегі қаржылай сыйлық табысталды. Айта кетейік, "Сағынтайдың бірінші әйелі" атты фильмнің тұсаукесері Алматыда "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалі шеңберінде өткен еді. Ол кезде басты рольде ойнаған актриса Альфия Сембаеваға "Ең үздік әйел ролі" сыйлығы берілді.
М. Бисембаева