«Робокоп» ресми трейлерін таныстырды

«Робокоп» – Жозе Падильидің 2014 жылдың ақпан айына жоспарланған фантастикалық боевигі. Фильм осы аттас Пол Верховенның 1987 жылғы фильмінің ремейкі саналады.

Бастапқы кезде фильм таныстырылымы 2013 жылдың 9 тамызына қойылған еді. Сонымен қатар, бұл – Робокоп туралы жаңа трилогияның бірінші бөлімі екенін айта кету керек. Фильм түсірілімі 2012 жылы Канадада Pinewood Toronto Studios студиясында басталып, 2013 жылдың сәуір айында аяқталған екен.

Жоба

Бәрін басынан бастайық, американдық тәуелсіз кинорежисер Даррен Аронофски 2008 жылы Дэвид Селфпен (сценарист) бірге 100 миллион долларға фильм түсіретінін мәлімдеген болатын. Онда фильм премьерасы 2010 жылға жоспарланған-тын. Жоба бірнеше мәрте кейінге қалдырылды. Даррен Аронофски мен MGM американдық медиаакомпаниясы қаржылай дағдарысқа ұшырап, бұл жобаны тастаған еді. Бірақ 2012 жылы Жозе Падильи есімді бразилиялық режисер жобаны қайта жаңғыртуды бастап кетеді.

Кастинг

Мерфидың, яғни Робокоптың рөліне Крис Пайн мен Майкл Фассбендер қарастырылыпты, бірақ кейінде рөл швед актері Джоэл Киннаманға бұйырады. Ал Гэри Олдмен Нортонның рөліне түседі. Есіңізде болса Нортон Робот-полицейді жасап шыққан ғалым. Медиамагнат Пэт Новактың рөлін Сэмюэл Л. Джексон алған.

2012 жылы маусым айында Хью Лори OmniCorp көпұлтты компаниясының бас директоры болып ойнайтын атақты зұлым кейіпкер рөлі туралы ауыс-түйістер жасады. Бірақ ол тамыз айында жобадан шеттетіліп, бұл рөлге Клайв Оуэн иелік етті. Мигель Феррер валонның рөлін сомдайтыны да өзінше бір қызық. Себебі ол Верхувенның түсірген 1987 жылғы фильмінде Боб Мортонның рөлін сомдаған болатын (ғалым).

Швед актері Джоэл (Юэль) Киннаман (суретте) Collider порталына берген сұхбатында бұл фильмге түсу туралы шешім қабылдамас бұрын «Робокоп» фильмін жиырма рет көріп шыққанын айтыпты. Соған қарағанда, бас кейіпкердің жұмысы көрерменге ұнауы тиіс деген болжам айтамыз.

Сюжет

2029 жылы OmniCorp көпұлттық конгломерат роботтарды жасай бастайды. Құлтемір жасайтын компания америкалық барлық соғыстарда сәттілікке бастаған соң, бұл роботтар ел ішінде де қызмет көрсетуі керек болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/INmtQXUXez8","width":"450","height":"338"});

Білікті полицей маманы Алекс Мерфи Детройттағы бастан асқан жемқорлық пен қылмысқа қарсы шығады. Айтпай келген апаттан кейін оның жағдайы тым қиындай түседі, бірақ OmniCorp компаниясы бас кейікердің өмірін сақтап қалу үшін ілуде бір жасайтын зерттеу жұмыстарын жасайды. Алекс темір сауыт киген соң қаладағы қылмыс атаулыны түбегейлі жоюға аттанады. Бірақ ол мұнда өзінің көп мүмкіндіктерін білмеген болып шығады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rutor.org, lookatme.ru