Қазақстандық актер және режисер Эдуард Табишев ресейлік "Ералаш" бағдарламасының ізімен "Еркелаш" атты балаларға арналған фильм түсіруде. Картина отандық прокатқа балалар күніне (1 маусым) қарсы шығады деп жоспарлануда.
Толықметражды фильмді режисер қазақстандық телеарналар арқылы экранда көрсету үшін телехикая ретінде шығармақ. Түсірілім тобы телехикаяның 19 сериясын дайындап та қойды. Картинада мектеп өміріндегі алаңсыз балалардың шала істері мен олардың кез келген кезде келеңсіз оқиғаға тап бола беруі көрсетіледі.
Картинада тек мектеп оқушылары ғана емес, басқа да дарынды актерлер бой көрсетеді. Олар кинофильмге тегін түсуге келісім берген тәуелсіз актерлер.
Тәуелсіз түрде киноға ат салысып жатқан тек Ерболат Тоғызақов қана емес. Мұнда Фархат Әбдраимов ("Ирония любви", "Фара", "Возвращение в А"), Диляра Байжанбаева, Дәулет Әбдіғапаров ("Орда", "Ликвидатор"), Маржан Қозыбаева, Ерден Телемисов пен Мұрат Мұқашевтар да рөл сомдайды.
Фархат Әбдраимов түсірілім кезінде
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: tengrinews.kz,millioner.kz